Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Кенеден келер кесел көп

Кенеден келер кесел көп

Кенеден келер қауіп көп Жаз мезгілінде көкке шығып демалушылар да, суға түсушілер де көбейетіндігі белгілі. Көп жағдайда қауіпсіздіктің алдын алмастан опық жеп жататындардың баршылығы жасырын емес. Сондықтан да «сақтықта қорлық жоқ» деген қағиданы жанымызға жақын ұстағанымыз абзал. Соңғы уақытта кене жәндігінен сақтану шаралары жайлы аз айтылып жүрмесе де, сіздердің назарларыңызға қауіптен сақтану, алғашқы көмек түрлері жайлы әзірленген қажетті мақаланы ұсынып отырмыз.
Кенелер буын аяқты қансорғыш жәндіктер, адам өміріне өте қауіпті – ол Қырым қанды безгегі, кене энцефалиті, туляремия, Сырдария безгегі сияқты жұқпалы ауруларды таратады. Қансорғыш буынаяқтылар адам мен малдарға көктем мен ерте жазда шабуыл жасайды. Кенелер теріге байқатпай, яғни, ауыртпай жабысады. Жұқпалы ауру адамға кене шаққан кезде ғана емес, оны денеден сығып немесе киімге жабысуынан сақтану керек. Егер кене денеге қадалып үлгерген болса, онда оны ажыратқан жөн немесе спирт, иіс су, лосьон тамызуға болады. Вазелинді да қолдануға болады. Түсіріліп алынған кенені ыстық суға салу керек немесе өртеп жіберген дұрыс. Кене шаққан жерді иодпен, спиртпен жақсылап сүртіп, қолды сабындап жуу керек.
Кене шаққаны туралы дәрігерге уақыт өткізбей хабарлау керек. Көп жағдайда адам кененi келесi күнi немесе тiптi одан да кейiн байқайды. Ауру сәуiр айынан қазан айына дейiн кездеседi, бiрақ ең қауiптi кезең – мамыр, маусым айлары. Өйткенi кененiң көбейетiн кезi – осы уақыт. Ауру белгiлерi, шаққаннан кейiн 2 аптадан (7-14 күн) соң бiлiне бастайды, кейде 1-2 күннен немесе 45 күннен кейiн бiлiнедi. Себебi, ол ағзаға түскен вирустың көлемiне байланысты. Көпшiлiк жағдайда аурудың жеңiл және орташа түрлерi кездеседi. Бұл жағдайда науқас адамның дене қызуы 38 С-қа дейiн көтерiледi, басы қатты ауырып, бұлшық еттерi сыздайды. Бiрақ, оның ауыр түрлерi де кездеседi. Бұл кезде дене қызуы 39-40 С-қа дейiн көтерiледi, құсқысы келедi, мойнының, қолы мен аяғының бұлшық еттерi сыздап, ауыр тартады.
Кенелерден сақтану үшiн төмендегi ережелердi есте ұстағаныңыз дұрыс. Егер кенелер өмiр сүретiн қауiптi аумақта болсаңыз, ашық түстi киiм киiңiз. Шалбарыңыздың балағын носкидiң iшiне, жейдеңiздi шалбардың iшiне салып және мiндеттi түрде кененiң бар-жоғын бiлу үшiн бiр-бiрiңiздi мұқият тексерiңiздер. Егер денеңiзден кененi байқап қалсаңыз, саспаңыз. Кенеге өсiмдiк майын тамызу қажет. Кененiң тұмсығын жiппен орап алып, ырғақты қозғалыспен жайлап денеден шығарып алу керек. Кененi денеден күрт тартып алу – вирус жұқтыру қаупiн арттырады. Шаққан жерiн йодпен немесе спиртпен сүрту қажет.
Тез арада жақын маңдағы медициналық мекемеге барып көрiнiңiз. Сiзге қажеттi көмек көрсетедi. Кененi сақтап қойыңыз және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарына көрсетiңiз. Олар кененiң қаншалықты қауiптi екенiн анықтайды.
Кененiң бәрi бiрдей ауру таратпайды. Дегенмен, вирус жұқтырғыш кене мен жұқтырмайтын кененi ажырату қиын. Сондықтан ең дұрысы, кененiң денеге жабысып, терiге тереңдеп енiп кетуiнен сақтанған жөн.
Н.Оспанов
Шиелі аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасыныңбас маманы
28 ақпан 2025 ж. 135 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (9285)

08 наурыз 2025 ж.

№17 (9284)

04 наурыз 2025 ж.

№16 (9283)

01 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31