Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Конго Қырым қанды безгегінен сақ болыңыз!

Конго Қырым қанды безгегінен сақ болыңыз!


Ауданымыз Конго Қырым қанды безгегі ауруынан қолайсыз елді мекенге жатады.Жыл сайын осы аталған аурумен ауырып ,аудандық ауруханаға науқастар түсіп жатады.Ауруды таратушы және тасымалдаушы иксодты кенелер.Біздің ауданымызда осы иксодты кенелердің 6 түрі бар,бірақтан олардың 2 түрі ауданымызда жиі кездеседі,олар Hyalomma asiaticum, Dermocentor Niveus.Кененің аналықтары жылына 2000 жұмыртқаға дейін жұмыртқа салады.Қан сормаған аш кенелер 2 жылға дейін өмір сүреді. «Ұлттық сараптама орталығы» Шиелі аудандық бөлімшесінің энтомологиялық тобымен 2018 жылы барлық жиналған кенелер саны-4500,оның ішінде табиғаттан жиналған кене саны-2811,малдардан жиналғаны-1689 кене..Табиғаттан жиналған - 2811 кенелердің 1752-сі Dermocentor Niveus ,ал -59-зы Hyalomma Asiaticum . Малдардан жиналған -1689 кенелердің 1497-сi Hyalomma Asiaticum, 192-сі Dermocentor Niveus.Қаралған мал саны-500,кенеленгені-118,осы қаралған малдардың 23,6℅ кенелеуі мүмкін және қаралған әрбір малдың үстінде 8 кенеден жабысқан деп есептеуге болады.Аудан көлеміндегі КҚҚБ ауруына қолайсыз 25 елді мекеннің айналасына 300 метр қашықтықта санитарлық белдеу жасау мақсатында 1950 га жерге 9550 кг дельтаметрин дустымен кенелерге қарсы улау жұмыстары жүргізілді. «Ұлттық сараптама орталығы» облыстық филиалының аса қауіпті аурулар зерттейтін бактериологиялық зертханасына жіберілген -4500 кененің -6 сынамасынан оң нәтиже анықталынып отыр. Бұл көрсеткіш ауру таратушы кенелердің жылдан жылға анықталынып жатқандығы себепті,кенелерден сақтану ережелерін қатаң сақтаған абзал. Қазіргі таңда ауа райының жылы болуы кенелердің мерзімінен ерте оянуы мүмкін. Сол себепті кенелерден сақтану ережелерін қатаң сақтаған абзал.
-кене және жұқпалы ауру бар жерде ұзақ жұмыс істеген адамдар(шопандар,малшылар,аңшылар) арнайы киімдер киюі керек,комбинизонды қалпағымен жамылып,шалбардың балағын шұлықтың ішіне салу керек,көйлектің жеңін түймелеп немесе резинкамен байлануы қажет.
-далада жататын жерлердің немесе уақытша тұрған жерлердің шөбін жандандырып немесе орып алып тастау керек.Егер орылып алған шөп төсеніш ретінде пайдаланылатын болса,онда күн көзіне 2-3 сағат кептіріп алған абзал.
-мал қораларының қиын тазалап,кенеге қарсы улап отыру қажет
Осы аталған қарапайым ережелерді қатаң сақтасаңыз кененің шағуынан аулақ боласыз.Жаратушымыз «сақтансаң -сақтаймын» деген қағиданы санамызда берік ұстағанымыз абзал.

Ш.Ж.Тлемисова,
ҚР ДСМ ҚДСК «ҰСО» ШЖҚ РМК
Қызылорда облысы бойынша аудандық
бөлімшесінің басшысы.
07 сәуір 2019 ж. 1 860 0