Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Конго- Қырым геморрагиялық қызбасы » ауруынан сақтанайық

Конго- Қырым геморрагиялық қызбасы » ауруынан сақтанайық

     Кене  -буын  аяқты  қансорғыш,  адам  денесіне  аса  қауіпті  «Конго- Қырым  геморрагиялық  қызбасы , кене  энцефалиті, кене  риккетсиозы » ауруларын  таратады.  Бұл аурудың  аса  қауіпті  аталуы  егер  науқас  дер  кезінде дәрігерге  көрініп  емделмесе қанның  көп  кетуінен  өлімге  әкеп  соқтыратынында. Бұл  аурулардың  қоздырғышы  вирус,  вирусты  тасымалдайтын кене    адамды  шаққанда,   малдағы   кенені   жалаң  қолмен  жұлғанда,  езіп  өлтіргенде,  қой  қырқу  кезінде  кенені  қырқып   тазартқанда   кененің   қаны   шашырағанда   жұғуы  мүмкін. 
Сондай-ақ  науқас  адамға  күтім  жасау кезінде оның  қанымен  жанасу  болғаннан  кейін  жұғады. Аудан  бойынша  2023 жылы 51  науқасты  кене  шағып, медициналық  көмекке  жүгінсе,  3  науқас  емханада  дене  қызулары  көтеріліп емделген. «Конго- Қырым  геморрагиялық  қызбасы »  ауруымен  3 науқас  күдікті ретінде тіркеліп,  емін  алып  шықты.  Аурудың  жасырын  кезеңі   1-7  күннен бастап, 12-14  күнге дейін  созылуы  мүмкін. Адам  ағзасында  жалпы  улану белгілері  пайда  болып,  науқастың  басы  қатты  ауырады,  әлсіздік  пайда  болып, бұлшық  еттері,  сүйектері  сырқырап  ауырады.  Ұйқысы  бұзылып,  дене  қызуы  39-40  градусқа  дейін  көтеріледі. Науқастың  белі,  іші ауырып  құсу  жағдайы  да  болады. Ине  шаншыған  жерлер  көгеріп, көзі  қызарып,  ауыз,  мұрын  қуыстарынан 7-8 –ші  күндері қан  кетуі  мүмкін.  Дер  кезінде  емделмеген  жағдайда  науқастың  қан  анализдерінде  қанның  ұю  уақыты  ұзарып, қан  көп  кету  жағдайына  әкеліп соқтырып,  кеш  келген  науқасты  аман  алып  қалу  жағдайы  мүмкін  болмай  қалады. Егер  науқас  дене  қызуы  көтерілісімен, яғни  3-4  күндері  ертерек  келсе,  емін  дер  кезінде  алса ,  науқас   жеңіл  түрде  немесе  қан  кету  жағдайына  жетпей  жазылып  кетеді  де  науқаста   7  жылға  дейін  иммунитет  пайда  болады. Бұл  індетті  болдырмас  үшін  басты  жағдай кенелерді  жою шараларын  жүргізу болып  табылады. Кенелер  малдың  қанымен  қоректенетіндіктен  малға  кене  жабыспау  үшін дәрілеп  тоғыту керек. Малға  жабысқан кенені қайшымен  қырқып  тазалауға  болмайды.  Адамға  жабысқан  кенені арнайы  құрал  арқылы алып,  орнын  йод  немесе спирт  жағып  бірнеше  күнге  дейін өңдеп  тұрмаса жара  пайда  болуы  мүмкін. Қауіпті  инфекциядан  өзіңізді  қорғау  үшін міндетті  түрде  жеке  басты  қорғау  ережелерін  пайдаланғаныңыз  аурудың  алдын  алатынын  ұмытпаңыз. Қазіргі  таңда   кенеге  қарсы  улау  жұмыстары 11 сәуірден басталып,  15 мамырда екінші айналымы бітті. Енді күз айларында жүргізіледі. Алайда кене шағып, дәрігер көмегіне жүгінгендер азаяр емес, осы кезге дейін 51 жағдайға жетіп отыр.
         Кене шағуынан сақтану жолдары .
Табиғат аясында демалып үйге келгеннен  кейін денедегі киімдеріңізді қағып,               жақсылап қарап шығыңыз. Әсіресе, құлақтыңартын, басты, шаштардың,            саусақтардың арасын тексеріп  шығыңыз.
      Ал табиғат аясына шыққанда мына қарапайым ережелерді сақтану керек:
  • Табиғат аясына шыққанда ашық түсті киім киюге  тырысыңыз. Бұл киімге жабысқан кенені бірден тауып алуға  көмектеседі. Сондай-ақ, етек-жеңіұзын, жабық киімді таңдаңыз. Киген киіміңіз денеге тиіп тұрғаны  абзал. Шалбарды міндетті түрде етіктің ішіне салып, басыңызға міндетті түрде бас киім немесе орамал  тағу керек.
  • Киімдерді тазалау кезінде арнайы жабыстыратын құралды пайдалануға болады.
  • Сақтық шаралары үшін кенелер мен шіркейлерге қарсы аэрозольдар мен жақпа майлар  пайдалануға болады.
  • Кенелер қалың шөптердің арасында жасырынатындықтан, көк шөпте отырмауға, ойнамауға кеңес береміз. Орманды жерлерде ағаштар мен шөптерді, тіпті, гүлдерді де жұлмаңыз, себебі өсімдіктегі кенелер үстіңізге жабысып қалу қаупі бар.
  • Серуеннен қайтып келген соң,  денеңізді мұқият қарап  шығыңыз, шашыңызды тарақпен тараңыз.
  • Кене адам терісіне қонған соң жарты сағаттай шағатын орын іздейді, сондықтан мұқият  болсаңыз кене шағудың алдын алуға  болады.
        Көп адамдар кенеге қарапайым жәндік ретінде  қарайды. Кене шағып алған  
           жағдайда   дәрігерге қаралуды   кейінге   қалдырмаңыз.
 
 Оспанов Нұрлан Сейданұлы,
Шиелі  аудандық СЭББ-ның 
эпидемиологиялық  қадағалау
         бөлімінің   бас маманы                 
01 маусым 2023 ж. 326 0