Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Департамент мемлекеттік тілді қолдау бағытында: нәтиже мен міндет

Департамент мемлекеттік тілді қолдау бағытында: нәтиже мен міндет

Жыл басында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Ана тілі» газетінің тілшісіне еліміздің болашағы мен алдағы атқарылатын міндеттер туралы сұхбат беріп, кеңінен ой қозғаған болатын.  Әңгімелесу барысында, мемлекет басшысы ана тіліне қатысты біршама түйінді ойларымен бөлісіп, «Қазақ тілінің бәсекеге қабілеті және оны үйренуге деген қызығушылық барынша артып келеді. Мемлекеттік тіл азаматтардың қызмет бабында өсуіне және табысқа жетуіне жол ашатын маңызды фактор саналады», – деп, мансап жолында жүрген азаматтардың мемлекеттік тілді жетік білудегі маңызына айрықша көңіл бөле кетті. Президенттің пікірінше, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту — тек мемлекеттік деңгейдегі ғана емес, әрбір мансап жолында жүрген азаматтың ортақ міндеті. Мұндай көзқарас ел болашағына деген сенімді нығайтып, мемлекеттік тілдің мәртебесін одан әрі асқақтату жолында жаңа мүмкіндіктер ашатыны сөзсіз.
Осыған орай, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті іс жүргізу мен шаралар өткізу  барысында, мемлекеттік тіл – қазақ тілін қолданыс аясында толықтай 100%-ға қолданып келеді. Айта кетсек, жыл көлемінде Әдеп жөніндегі кеңестің 12 отырысы және Қоғамдық кеңестің 17 отырысы,  Ведомствоаралық жұмыс тобының 4 отырысы, «Елге қызмет» арнайы телебағдарламасының 20 шығарылымы, «Ең алдымен адамдар» арнайы оқу бағдарламасының 11 семинар жобасы, Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша 46 түсіндіру іс шаралары (семинарлар, дәрістер, дөңгелек үстелдер, брифингтер және т.б.), департамент және жергілікті атқарушы органдармен, атқарушы мемлекеттік орган қызметшілерінің қатысуымен 46 семинар, 8 интернет-конференция, 66 тікелей эфир, БАҚ-тың қатысуымен әлеуметтік желілерде департаменттің қызметі туралы 1313 жазбалар және жоғарыда атап өтілген барлық шаралар қазақ тілінде жүргізілген. Осы жұмыстардың барлығы мемлекеттік тілде қамтылуымен қатар, департамент қызметкерлері мен басшылары өз жұмыстарын қазақ тілін дамыту мақсатында қарқынды жүзеге асырып жатыр. Бұл шаралар тіліміздің мәртебесін нығайтуға және оның қоғамдағы рөлін арттыруға айрықша ықпал етуде.
Онымен қоса, 2024 жылдың төңірегінде іс жүргізу бағыты бойынша кіріс құжаттары 5344-ті, шығыс құжаттары 2176-ны құрап отыр. Олардың барлығы мемлекеттік тіл – қазақ тілінде жүргізіліп, жауаптар қайтарылған. Онымен қоса, департаментке 285 арыз түсіп, оның 190-ы қарастырылып, тиісті шешімдер мен жауаптар берілді.  Департаментке түсетін шағымдар арасында арызданушылардан мемлекеттік қызметте көрсетілетін жер саласының сапасына байланысты арыздар, мемлекеттік қызметшілердің құқығын қалпына келтіру және мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша мәселелер жиі қозғалады. Оның ішінде, 35 хат 25–35 жас аралығындағы азаматтардан түссе, 45–60 жас аралығындағы 46 адам департаментке шағым жолдаған.  Сонымен қатар, 60–75 жас шамасындағы 10 азаматтың арызы қабылданып, 21 жасқа дейінгі азаматтардан 6 өтініш тіркелген. Ең үлкен үлес 35–45 жас аралығындағы азаматтардан түскен арыздарға тиесілі болып, олардың саны 59-ды құраған.
Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы заңының 2-тарауының 8-бабына сәйкес: «Мемлекеттiк тiл Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, ұйымдарының және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының жұмыс және iс қағаздарын жүргiзу тiлi болып табылады, орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады », – деп көрсетілген.  Осы талаптарға сәйкес, жыл көлемінде департаментке түскен арыздардың 161-і қазақ тілінде жазылып, оларға тиісті жауаптар мемлекеттік тілде қайтарылды. Ал орыс тілінде түскен 29 арызға жауап - арыздану тілінде берілді.
Осы орайда, мемлекеттік тілде жазылған арыздардың үлесі 84,7%, ал іс жүргізу құжаттары мен департамент қабырғасында өткізілген шаралар 100% қазақ тілінде өткізіліп, бұл көрсеткіш департаментте мемлекеттік тілдің қолданылу деңгейінің жоғары көрсеткішін айғақтайды. Яғни, кіріс-шығыс құжаттарының, іс-шаралар және әлеуметтік желідегі ақпараттық мәтіндердің барлығы қазақ тілінде жүргізілуі – облыс көлемінде қазақ тілді қоғамның жоғары деңгейде қалыптасып, мемлекеттік қызметте, оның ішінде департаментімізде қазақ тілі беделінің артып келе жатқанын дәлелдейді. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту – қоғамның барлық саласына қойылған маңызды міндет. Бұл міндетті жүзеге асыруда ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп отыр. Мемлекеттік тілді қолдау арқылы департамент оның дамуы мен қолданылу аясын кеңейту бағытында жүйелі әрі қарқынды жұмыс атқаруда. Бұл істер мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтып қана қоймай, оны ел болашағының басты тірегі ретінде қалыптастыруға ықпал етеді.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы                  
Ерлеген Мендалиев
25 ақпан 2025 ж. 74 0