Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға тиіс
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттарының бірі құқық бұзушылықтарға төзбеушілік болып табылады (Заңның 4-бабы
14-тармағы).
Осыған орай, талдау Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің (бұдан әрі – Кодекс) баптарына жүргізілді.
Талдау мемлекеттік қызметшілердің Кодекстің жеке бастың құқықтарына, қоғамдық тәртіпке, имандылыққа қол сұғатын және көліктегі әкімшілік құқық бұзушылықтарына, сондай-ақ әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына қатысты жүргізілді.
Талдау нәтижесімен, мемлекеттік қызметшілер тарапынан қоғамдық тәртіпке, имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық аясында және көлік құралдарын масаң күйде басқару деректілері орын алғандығы белгілі болды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің 10-тармағында мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, кішіпейілділік танытуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға және қоғамдық имандылыққа қолсұғумен ұштасқан қоғамға қарсы мінез-құлық жағдайларына жол бермеуге тиіс делінген.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң)
10-бабына сәйкес қызметтік әдепті сақтау мемлекеттік қызметшілердің негізгі міндеттері болып табылады.
Заңның 44-бабы 1-тармағына сәйкес қызметтік әдепті бұзуы тәртіптік теріс қылық болып табылады.
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің
Қызылорда облысы бойынша
Департаментінің бас маманы
Н.Ж.Алиев