Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шорт-тректен Азиада чемпиондары мен жүлдегерлері елге оралды

Шорт-тректен Азиада чемпиондары мен жүлдегерлері елге оралды

 пп  
Еліміздің абыройын асқақтатқан спортшыларды Астанада Туризм және спорт министрлігінің өкілдері мен жанкүйерлер күтіп алды, деп жазады Egemen.kz. Салтанатты шараға спортшылардың туыстары, Ұлттық ұлан сарбаздары мен БАҚ өкілдері де қатысты. 
Шорт-тректен IX қысқы Азия ойындарында алғаш рет алтын медаль жеңіп алған Қазақстан ерлер құрамасы мен Азиада жүлдегерлері Харбиннен бірден Миландағы Әлемдік турға аттанған еді. Ерлер құрамасы әлемдік турдағы эстафетада қола медаль жеңіп алды. «Азия ойындарында жеңіске жету - ерекше сезім. Ұзақ жылғы еңбегіміздің жемісін көргенде және көк байрағымыз желбіреп, әнұранымыз шырқалған сәтті сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Мұны тек спортшы ретінде сезіну керек», деді Абзал Әжғалиев. ТСМ шорт-трекшілеріміз аз уақыт үзілістен кейін әлем чемпионатына дайындықты бастайтынын хабарлап отыр.  Айта кетейік, шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасы IX қысқы Азия ойындарында алғаш рет алтын медаль еншіледі, әйелдер құрамасы күміс жүлдеге қол жеткізді. 
18 ақпан 2025 ж. 87 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№13 (9280)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (9279)

15 ақпан 2025 ж.

№11 (9278)

11 ақпан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728