Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматыда тұңғыш рет шорт-тректен әлем кубогінің өтеді

Алматыда тұңғыш рет шорт-тректен әлем кубогінің өтеді

Ағымдағы жылдың 7-9 желтоқсаны аралығында Алматыдағы «Халық Арена» спорт кешенінде шорт-тректен әлем кубогінің үшінші кезеңі өтеді. Қазақстанның халықаралық жарыстарды өткізу тәжірибесінің жоғары екенін ескерген Халықаралық конькишілер федерациясы (ISU) Алматыға әлем кубогі кезеңін алғаш рет сеніп тапсырып отыр.  Әлем кубогі шорт-тректен өтетін ең ірі халықаралық жарыс саналады. Алматыға алғаш рет шорт-трек жұлдыздары қадам баспақ. Бүгінге дейін әлемнің 18 мемлекетінен 151 спортшы өтінім беріп үлгерді.  Елімізге ISU-дың үздік ұйымдастырушы мамандары да ат басын тірейді. Атап айтар болса, ISU-дың техникалық комитетін Канададан шыққан Олимпиада чемпионы Натали Ламберт бастап келмек. Ол 1992 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында бір алтын, екі күміс жеңіп алған. Сондай-ақ көпсайыс бойынша әлем чемпионаттарында үш рет топ жарған. Жарысты жоғары деңгейде ұйымдастыруға еліміздің спорт саласындағы үздік мамандар жұмылдырылып отыр. Атап айтар болсақ, 2011 жылғы Азия ойындары мен 2017 жылғы Универсиаданы ұйымдастырған кәсіби мамандар жұмысқа тартылуда.  Шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мәдіғали Қарсыбеков өз жерімізде өтетін додада ел намысын кімдер қорғайтынын мәлімдеді. Алматы айдынында төмендегі спортшыларымыз жүлдеге таласады:  Әйелдер: Әлия Ким, Анастасия Крестова, Ольга Тихнонова, Әсел Тайшыманова, Анита Нагай, Яна Хан.  Ерлер: Абзал Әжіғалиев, Нұрберген Жұмағазиев, Денис Никиша, Мерсаит Жақсыбаев, Еркебұлан Шамұханов және Әділ Ғалиахметов.  Шорт-тректен Қазақстан құрамасы Сочи Олимпиадасынан бері әлемдік сындарда сәтті өнер көрсетіп келеді. 2014 жылғы Олимпиадада эстафетадан біздің құрама бесінші орын алған болатын.  2016-2017 жылғы маусымда Қазақстан құрамасы әлем кубогі кезеңдерінен тоғыз медаль жеңіп алды. Оның үшеуі алтын.  Өз жерімізде өткен Универсиада ойындарында шорт-трек шеберлері бес қола мен бір күміске қол жеткізді. Ал Пхенчхандағы қысқы Олимпиадаға Қазақстан командасы жеті жолдама иеленген болатын.  Биылғы маусым да спортшыларымыз үшін жаман басталған жоқ. Калгариде өткен әлем кубогінің алғашқы кезеңінде Абзал Әжіғалиев үш бірдей Олимпиада чемпионымен жарысып, күміске иелік етті. АҚШ-та өткен екінші кезеңде Денис Никиша үздік төрттік қатарынан көрінді.  Универсиада ойындарындағы жанкүйерлердің үлкен қолдауы халықаралық федерацияның бізге сенім артуына үлкен септігін тигізді. Біз «Халық Арена» трибунасынан спортшыларымызды қолдауға асығатын жанкүйерлерді күтеміз. Olympic.kz


25 қараша 2018 ж. 1 052 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930