Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Еурохаттама деген не және ол қалай рәсімделеді?

Еурохаттама деген не және ол қалай рәсімделеді?

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап, Қазақстан Республикасы Жол жүрісі қағидаларында жол-көлік оқиғасын (әрі қарай – ЖКО) жеңілдетілген жолмен ресімдеу енгізілген болатын. Яғни, мардымсыз ЖКО орын алған кезде, автокөлік иелері сақтандыру компанияларынан келтірілген залалды жол полициясын шақырмай-ақ, кейін сотқа жүгінбей-ақ тиімді тәсілмен өтеуге құқылы. Бұл жеңілдетілген тәртіп «Еурохаттама» деп аталады.
«Еурохаттама» жол полициясын шақырмай ЖКО ресімдеуге және сақтандыру компаниясынан тез өтемақы алуға мүмкіндік береді. Оны пайдалану үшін мобильді қосымшаны AppStore және GooglePlay дүкендерінен тегін жүктеп алу жеткілікті. Ол арқылы Қазақстан Республикасының резиденттерін қоса алғанда, жеке тұлғалар үшін де, заңды тұлғалар үшін де сақтандыру жағдайын ресімдеуге болады.
«Еурохаттама» арқылы ЖКО ресімдеу рәсімі бюрократиялық кедергілерді барынша азайта отырып, уақытты айтарлықтай үнемдейді. Жол полициясына қоңырау шалудың болмауы кідірістер мен оқиға орнында күтуді болдырмайды. Жәбірленуші тарап сақтандыру компаниясына өтініш беру үшін құжаттарын жинау мен айналыспайды, бұл әдетте стандартты процедурада болады. Үлкен артықшылықтардың ішінде «Еурохаттаманы» қолдану көлік қозғалысының тоқтап қалуына байланысты кептелістерді болдырмауға көмектеседі, бұл жолдардағы қолайлы жағдайларға ықпал етеді.
Еурохаттаманы «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ (СТКҚ) «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС-мен бірлесіп құрған Еурохаттаманың мобильдік қосымшасын пайдалана отырып ресімдеуге болады. Барлық сақтандыру ұйымдары СТКҚ-ның акционерлері болып табылады, сондықтан бұл қосымшаны кез келген сақтандыру ұйымының клиенттері пайдалана алады.
«Еурохаттама» рәсімін қолдану ЖКО қатысушыларының мобильді нөмірлері «мобильді азаматтар базасында» тіркелген; келтірілген залал мөлшері 100 АЕК-тен жоғары емес (2025 жылға зардап шеккен тарапты жөндеу сомасы 393 мың теңгеден аспайды); азаматтардың өміріне немесе денсаулығына зиян келтірілмеген; ЖКО нәтижесінде тек көлік құралдары ғана бүлінген (басқа мүлікке зиян келтірместен); апатқа қатысушылардың екеуінде де қолданыстағы міндетті автосақтандыру полистері бар; жүргізушілер арасында жол апатының зақымдану тізбесі мен жағдайларына қатысты келіспеушіліктер болмаған кезде ғана жүзеге асырылады.
«Еурохаттама» рәсімін қолдану үшін:
1.ЖКО қатысушылары мобильді қосымшада авторизация дан өтеді;
2.Декларация сауалнамасын толтыру қажет;
3.Жеке басын және көлік құралын сандық сәйкестендіруден өтеді;
4.Жәбірленушіге сақтандыру төлемін анықтаумен көлік құралының залал мөлшері бағаланады;
Әрі қарай сақтандыру төлемдері 6 күн ішінде түседі.

С.Б.Сержанов,
Шиелі аудандық соты әкімшісінің басшысы

28 қаңтар 2025 ж. 89 0