Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » FACE-ID: МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫН ЖАҚСАРТАДЫ

FACE-ID: МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫН ЖАҚСАРТАДЫ

Ел бойынша жаңа жылдан бастап, медициналық ұйымдарда Face-ID бағдарламасымен емделушіні қабылдау жүзеге асып отыр. Енді дәрігердің қабылдауына кіретін әрбір азамат жеке бас дерегін осылай растайды. Егер сіз дәрігерге қабылдауға кірсеңіз, бейнекамераға түсірсе қ о р ы қ п а ң ы з , б ұ л ф е й с - а й д и сәйкестендіру жүріп жатқанын білдіреді. Жоба науқастардың медициналық мекемелерде көрсетілген қызметтерін нақты тіркеуді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ қызмет көрсету сапасын бақылау мен жалған жазбаларды болдырмауға көмектеседі әрі медициналық сақтандыру жүйесінің қаржыларын тиімді пайдалануға ықпал етеді. А й т а к е т е й і к , ц и ф р л ы қ технологияға иек артқан ҚР Денсаулық сақтау министрлігі аталған жобаны өткен жылы Астана қаласындағы бірқатар емханадан бастаған. Қыркүйек айынан бері, «жалған деректерді тіркеуге» қатысты болған медциналық ұйымдар тексеріле бас тады. Осы заңсыздықтардың алдын алу үшін Face-ID бағдарламасы жүзеге асырылып отыр. – Біздің емханада барлық аймақтық дәрігерлерге, бейінді мамандарға, сонымен қатар науқастарды қабылдау кабинеттеріне Face-ID құрылғылары орнатылды. Барлық қызметкерлер қажетті оқыту процестерінен өтті. Бүгінде жүйені енгізу жұмыстары тоқтаусыз қызмет атқаруда.
Жаңа технологиялар арқасында пациенттерге ыңғайлы әрі сапалы қызмет көрсетуге жол ашылды. Аталған бастама еліміздің барлық медициналық мекемелерінде сәтті жүзеге асып, денсаулық сақтау саласының дамуына үлесін қосады деп сенеміз. Face-ID жүйесін енгізу арқылы Қазақстанның медицина саласы цифрландыру мен инновациялардың жаңа белесіне көтеріліп, халықтың сенімін нығайтуға мүмкіндік алады. Бұл тек бүгінгінің емес, болашақтың да сенімді шешімі болып табылады, – деді бастапқы медициналықсанитариялық көмек жөніндегі бас дәрігердің орынбасары Қазбек Шәукебаев. Бұл жаңашылдық халықтың саулығын қамтамасыз ету үшін жасалған. Себебі ұлттың саулығы – еліміздің байлығы. Халықтың денсаулығы жақсарған сайын олардың өмір сүру сапасы да жақсарады. Бұл бағыттағы жұмыстарға медицина қызметкерлері ерекше назар аударады.
Айнұр ИБРАШ
25 қаңтар 2025 ж. 58 0

Қоғам

БІЗДІҢ НӘЙЛА
05 ақпан 2025 ж. 47

БАЛА НЕГЕ ҰМЫТШАҚ?

05 ақпан 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (9276)

04 ақпан 2025 ж.

№8 (9275)

03 ақпан 2025 ж.

№7 (9274)

28 қаңтар 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728