Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандағы түркі халықтарының сирек кездесетін зергерлік бұйымдар көрмесі ұсынылды

Қазақстандағы түркі халықтарының сирек кездесетін зергерлік бұйымдар көрмесі ұсынылды



Белгілі топтамашы-этнограф Баһаргүл Төлеген Қазақстандағы түркі халықтарының сирек кездесетін алтын және күміс бұйымдары көрмесін ұсынды. Қарулы күштеріміздің әскери-тарихи музейінде ұйымдастырылған шара «Ұлы дала жауһарлары» деп аталды. Коллекционердің мақсаты – өнегелі өмір иелерінің ерлігін жас ұрпаққа үлгі ету, ұлттық өнерді дәріптеу. Баһаргүл Төлеген - Қазақстан Республикасы тұңғыш Президентінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында халықтың таңдауымен «100 жаңа есім» қатарына енген тұлғалардың бірі. Сондай-ақ ол – ұлттық кәдесыйлар жасап шығаратын жеке компания иесі. Мәдениет қайраткері 2010 жылы еліміздің ең танымал әйелі деп танылды. Араға 3 жыл салып, Елбасы жарлығы бойынша «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Көрмеге келушілер қазақ халқының ат әбзелдерін, қару-жарақтарын және зергерлік бұйымдарын көре алады. Топтама қатарында мыңжылдық жәдігерлер де бар. Баһаргүл Төлеген, топтамашы-этнограф: – Бүгін, міне, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астана қаласының 20 жылдығына орай осы «Ұлы дала жауһарлары» деген атпен жеке көрмемді ұйымдастырып жатырмыз. Көрмеге 350-ден артық экспонат қойылған. Бұрын хоббиім бойынша жинаған мыңнан артық коллекциям кейін мұражайға айналып, 2011 жылы Алматы қаласында «Әдемі-ай» өнер музейі боп ашылған болатын.

24.kz
31 мамыр 2018 ж. 1 826 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (9432)

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930