Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Есірткі – заман кеселі

Есірткі – заман кеселі

Аты жаман естігенге-есірткі,
Тұтунушы саны қазір өсіпті.
Деп жатады
—Жоламағын пәлеге,
Шырмауынан шығармайды әлсізді.

Солқылдақтар жаман іске үйірсек,
Жақсы іске жұғыспайды бүйірлеп.
Маңдайымен тас тіреген кезінде
Шұқылайды арманының күлін кеп.

Адам болам арманыма қол созып,
Деген жаннан кетеді өзі айналып.
Түсінгенім-жігерсіздер өмірін
Есірткіге бере салған сый қылып.

Арақ, наша, есірткі мен темекі,
Ойыңа алма, досым, осы кесірді.
Ел мақтаған азамат боп өссін деп
Анаң сені ақ сүтімен өсірді.

Оқы, ойна, спортты сүй, білім ал,
Іске ассын десең ізгі армандар.
Есірткіге ергендердің қатары
Келешекте 100 пайызға азаяр.

Ата-бабам тән саулығын сақтаған,
Салауатты өмір салтын жақтаған.
Бер қолыңды, алға қадам жасайық
Жаман ойлар жоламасын ешқашан.

Тоқта, қазақ, есірткіге көз салма,
Ұрпақ қанын таза ұста, ластама.
Барлығыңа қалайтыным-жақсылық,
Жүректердің тазалығы тек қана.

Шиелі ауданының Окушылар үйінің
"Жас әдебиетші” үйірмесінің мүшесі
Жолдасбекова Аделия
22 қаңтар 2025 ж. 174 0