Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Отанға құрмет балабақшадан басталады

Отанға құрмет балабақшадан басталады

Тәуелсіздік – қазақтың басты құндылығы. Қазақ елі үшін Тәуелсіздіктің мәні де, маңызы да айрықша. Өйткені, Тәуелсіздіктің арқасында қазақтың тарихы түгенделіп, тілі, діні және ділі қайта жаңғырды. Мемлекеттің ұлттық рәміздері қабылданып, ұлттық салт-дәстүрі жанданды. Сондықтан бұл күн елімізде ерекше аталып өтуге тиіс.
Тәуелсіздік күні қарсаңында «Аймира» балабақшасының «Балдырған» тобында «Тәуелсіздік туы желбіре» тақырыбында ертеңгілік өтті.
Көпшілік Тәуелсіздік күнін балабақшадағы бала түсіне ме деуі мүмкін. Әрине, көркемдік, шығармашылық тапсырмалар мен ойындар арқылы айтулы оқиғаның мәнін жеткізе аламыз. Іс-шараның мақсаты да сол. Балалар бір шумақ өлең оқыса да, дауыс ырғағын жоғарылатып, патриоттық дауыспен айтуға тырысады. Бүлдіршіндер бірнеше күн үйренгенін айтып жүреді. Осыны ескеріп, шарада республикалық маңызы бар ескерткіштер тізіміне енген «Тәуелсіздік» монументі, «Қазақ елі» монументі туралы ақпарат беретін ойындар дайындалды. Сондай-ақ балалар көк туымызда белгіленген қыран құс пен күннің киімін киіп, олардың біз үшін мән-маңызын, неліктен мемлекеттік рәмізде олардың бейнеленгенін бірге атап айттық. Қазірден жаңа ақпараттарды білсе, баланың ойлауымен қатар сөйлеу қабілеті де дамиды. Сөздік қорына жаңа сөздер қосылады. Көк Туымызды сол қолдарына ұстап, оң қол¬дарын жүрек тұсына қойып Әнұранымызды шырқады. Мұндай жан тебірентер сезімдер балалардың шабытын оятып, олардың өнерге, білімге деген қызығушылығы мен Отанға деген сүйіспеншілігін арттырады.
Бұл – жай ғана ертеңгілік емес, егемендіктің қадірін кішкентай ғана балапандарға сезіндіруге бағытталған үлгі-өнеге, тәрбие.

Айгүл Жұмағұл,
балабақша тәрбиешісі
13 желтоқсан 2024 ж. 382 0

Қоғам

ЖЕР-АНАНЫҢ ЖАҢА СЫЙЫ

15 қыркүйек 2026 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (9436).

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930