Адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялаудың маңызы
Биыл 23 қыркүйек айынан бастап Шиелі ауданында 11 жастағы қыздарға папилома вирусына қарсы вакцинация және 12,13 жастағы қыздарды иммундау басталды. «Адам папиллома вирусына қарсы вакцина Ұлттық егу күнтізбесіне енгізілді, вакцинация 11 жастағы қыздарға 11 және 11,5 жастағы қыздарға вакцинациялауға ата-анасының келісімін алғаннан кейін 2-кезең бойынша жүргізіледі. Вакцинация тегін негізде емхананың егу кабинеттерінде, дәрігердің қарауынан кейін, ата-анасының жазбаша келісімімен жасалады. Вакцина егу жүргізілгеннен кейін бала 30 минут егуден кейінгі реакцияны бақылау үшін отбасылық денсаулық орталығында болады. Аудан бойынша 943 қыз балаға вакцина жасалды. Екпе жасау жалғасуда.
Бүгінгі таңда иммундау еліміздің халық денсаулығын сақтау саласындағы ұлттық саясатының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Айта кету керек, адам папиллома вирусына қарсы вакцина 15 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келеді және әлемнің 135 елінде, соның ішінде Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстанда қолданылады. АПВ-ға қарсы вакцинация жүргізу Қазақстанда жатыр мойны обырымен ауруды 74,2% — ға төмендетуге мүмкіндік береді. Вакцинадан қорғануға болатын жалғыз қатерлі ісік — жатыр мойны обыры.
Адам папилломавирусы – шырышты қабаттар мен теріні зақымдайтын вирустың ең көп таралған топтарының бірі. Ол тез таралуымен, жасушалардың қатерлі болып өзгеруін қоздырумен, салдарынан қатерлі ісіктің пайда болуымен қауіпті. Дәрігерлер көбінесе инфекция симптомсыз, яғни еш қабыну процесінсіз жүретінін айтады.
Бүкіл әлемде АПВ ең көп таралған инфекция болып саналады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мағлұматынша, әрбір адамның АПВ жұқтыру ықтималдығы 80% құрайды, яғни 10 ер мен әйелдің 8-і өмірінің белгілі бір кезеңінде АПВ-ның бір немесе бірнеше түрін жұқтырады. Оған қоса, әйелдерде жатыр мойны обыры АПВ инфекциясынан туындағаны ғылыми дәлелденген.
АПВ тұрмыстық байланыспен, жыныстық қатынаспен, анадан балаға және дененің бір бөлігінен екіншісіне өзін-өзі жұқтыру арқылы берілмейді.
Қазіргі уақытта АПВ-ның 200-ден астам түрі тіркелген. АПВ-ның 14 түрі жоғары онкогенді – ең қауіпті деп танылған, олар жатыр мойны, жыныс мүшелері, көмей және басқа да түрлердің қатерлі ісігін тудыруы мүмкін.
Қазақстанда жатыр мойны обыры барлық жастағы әйелдер арасындағы қатерлі ісік бойынша, әсіресе бала босанатын 25-44 жас аралығындағы әйелдердің өлімі бойынша сүт безі обырынан кейін екінші орында тұр.
ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, елімізде жыл сайын жатыр мойны обырының 1900-ге жуық жаңа жағдайы тіркеледі. Жылына 600-ден астам қазақстандық әйел осы дерттен қайтыс болады.
Қазіргі уақытта 130-дан астам ел адам папиллома вирусына қарсы вакциналауды енгізді. АПВ-ға қарсы вакциналау күннен-күнге қоғамда өзекті тақырыпқа айналуда. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі дәрігерлер вирус инфекциясының алдын алу стратегиясын таңдады, ол үшін арнайы вакциналар қолданылады. АПВ-ға қарсы вакцина жатыр мойны обырының және папиллома вирусы тудыратын басқа да онкологиялық аурулардың алдын алады.
ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, 17 қыркүйектен Қазақстанда жасөспірім қыздарды вакциналау басталды. ҚР Ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес, ДДСҰ-ның халықты иммундау жөніндегі ұсынымдарын ескере отырып, 11 жастағы қыздар жоспарлы вакциналауға жатады. Бірақ, 11 жастан асқан қыздардың ата-анасының өтініштерінен кейін Денсаулық сақтау министрлігі 12-13 жастағы қыздарды АПВ-ға қарсы иммундау туралы шешім қабылдады. Жыныстық өмірге дейінгі вакциналау вирусты жұқтыру мүмкіндігін толығымен жояды және сәйкесінше бұл аурудың даму қаупін азайтады. Сондықтан қыздарға екпе егу өте маңызды.
«АПВ-ға қарсы вакциналау бағдарламасының негізгі мақсаты – әйелдерді АПВ тудыратын және ең көп таралған жатыр мойны обырынан қорғау. Қазақстанда вакциналау жүргізу үшін «Мерк Шарп және Доум» (АҚШ) компаниясы шығарған 4 валентті «Гардасил» вакцинасы пайдаланылады, ол АПВ-ның ең қауіпті 4 түрінен қорғайды (6, 11, 16, 18). Дәрігерлер бұл АПВ-ның жоғары онкогенді түрлеріне байланысты жатыр мойны обыры қаупін төмендететінін атап өтті. Бұл вакцина Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің тапсырысы бойынша арнайы жасалған.Вакцина өндірушісінің нұсқауларына сәйкес, АПВ-дан қорғау үшін вакцинаның екі дозасын 6 ай аралықпен алу қажет.
Айта кету керек, кез келген вакциналау, соның ішінде АПВ-ға қарсы вакцина кәмелетке толмаған баланың ата-анасының немесе қамқоршысының келісімін алғаннан кейін ғана жасалады.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, әлемдік деңгейде АПВ-ға қарсы вакцина өзінің қауіпсіздігі мен тиімділігін дәлелдеді, ол 15 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келеді және әлемнің 135 елінде жасалады.
Мысалы, Аустралия мен АҚШ-та вакциналаудың арқасында әйелдер арасында АПВ-ның таралуы 90%-ға төмендеген.
Г.Айтекеева
Шиелі аудандық санитариялық –эпидемиологиялық бақылау басқармасы
басшысы