Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Адам папиллома вирусына қарсы 11 жастағы қыздар екпе алады

Адам папиллома вирусына қарсы 11 жастағы қыздар екпе алады

Адам папилломасы вирусы туралы не білеміз? » Толқын - Арал аудандық  қоғамдық-саяси газет Адам папиллома вирусының  (АПВ) – 200-ге жуық түрді қамтитын тұқымдас вирустарға жатады. Кейбіреулері адам денсаулығына салыстырмалы түрде қауіпсіз, басқалары онкологиялық процестің дамуын белсендіре алады.
АПВ алдын алу жолдарына:
• Жыныстық қатынаста тек бір жыныстық серіктес болғаны дұрыс. Бұл әдіс жыныстық жолмен берілетін барлық инфекциялардан, оның ішінде адам папиллома вирусынан қорғауға мүмкіндік береді.
• Тосқауыл контрацепциясын қолдану – жеңіл, қолжетімді, бірақ әрқашан инфекциядан 100% қорғай бермейді. Науқас тіпті зақымдалған теріге тиген кезде де вирус жұқтыруы мүмкін.
• Мерзімді профилактикалық тексерулер. Қыздар гинекологиялық тексеруден тұрақты түрде өтуі керек. Осылай аурудың алғашқы белгілерін анықтап, оны емдеуді асқындырмай уақтылы бастауға болады.
• Вакцинация – тиімді және ыңғайлы профилактикалық әдіс! Вакцинация ерлерге де, әйелдерге де жасалуы мүмкін. Ғалымдардың пікірінше, 11-13 жас аралығындағы қыздарды вакцинациялау жатыр мойны обырының даму қаупін 90% - дан астамға төмендетеді.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша 2024 жылдың қыркүйегінен бастап 11 жастағы қыздарды адам папиллома вирусының  (АПВ)  жоғары онкогенді түрлеріне қарсы 4 валентті вакцинамен егу жоспарлануда. АПВ вакцинасы 6 айлық аралықпен 2 рет егіледі. Қолданыстағы вакциналардың тиімділігі өте жоғары. Адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялау ҚР Ұлттық егу күнтізбесіне енгізілді, екпе ата-аналардың ақпараттық келісімімен, тегін жүргізілетін болады. Сондықтан  құрметтіата-  аналар  қыздарыңызды қатерлі  онкологиялықаурудың  алдын  алып екпеектіріп  алыңыздар!
З.Бекжанова
Шиелі  аудандықСЭББ жетекші  маманы                        
24 сәуір 2024 ж. 400 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (9412).

16 маусым 2026 ж.

№44 (9411).

13 маусым 2026 ж.

№43 (9410)

09 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930