Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 11 жастағы қыздар екпе алады

11 жастағы қыздар екпе алады

 Елде «адам папиллома вирусына» қарсы екпе салу науқаны қайта басталады -  Жаңа бастау | Janabastau.kz     Қазақстанда жатыр мойны обыры ең көп таралған аурулар тізімінде омырау рагынан кейінгі орында тұр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, 95 пайыз жағдайда жатыр мойны обыры адам папиллома вирусынан болады. Ауданда  адам папиллома вирусына қарсы вакцина салу науқаны басталмақ. Қазақстан адам папиллома вирусына қарсы екпе салуды 2013-2015 жылдары Алматы, Астана, Павлодар және Атырау облыстарында жүргізіп, қыздарға адам папиллома вирусына қарсы екпе салынды. 17 мың адам вакцинаның бір немесе  үш дозасын (сол кездегі толық екпе курсы) алды.Бағдарламаның жүзеге аспауы халықты ақпараттандыру жұмысының дұрыс жүргізілмеуі, азаматтардың отандық медицинаға сенбеуі сияқты себептермен түсіндірілді. Одан бері Өзбекстан адам папиллома вирусына қарсы вакцинаны ұлттық екпелер күнтізбесіне енгізіп, мақсатты топтың 95 пайызын қамтыған бірінші орталықазиялық мемлекетке айналды. Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі  2024 жылы адам папиллома вирусына қарсы екпе салуды қайта қолға алмақ.Адам папиллома вирусы – әлемдегі ең көп таралған вирус. Оның алуан түрі бар. Қазір зерттелген штамдарының өзі 200-ден асады. Ең қауіпті түрі – 16 және 18-типтегі вирус. Мұндай онкогенді вирустар жатыр мойны мен вульвада, ер адамның жыныс мүшесі мен шырышты қабаты бар басқа да органдарында обыр ауруын туғызады.Адам папиллома вирусының тағы 10 түрі қауіпсіз ісік шақырады. Штамдардан сүйел, кондилома, респираторлық папилломатоза пайда болады.Вирус байланыс арқылы жұғады. Заттардың беткі қабатында ұзақ өмір сүре алмайды. Сондықтан көбіне жыныстық жолмен тарайды.Адам папиллома вирусы әйелдерге өте қауіпті. Кейінгі бес жылда Қазақстанда 2 948 әйел жатыр мойны обырынан көз жұмған. Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған статистикаға сүйенсек, бұл көрсеткіш жылдан-жылға артып барады. Кейінгі бес жылда 148 әйел вульва мен қынап рагынан қайтыс болған.Адам папиллома вирусының онкогенді түрлері ерлерге де зиян. 2018-2022 жылдары жыныс мүшесі мен анустағы рактан 95 ер адам көз жұмған. Кейінгі бес жылда тіл, ауыз қуысы мен тамақ-өңеш рагынан мың науқас өлген.Вирус зертханалық сараптама көмегімен анықталады. Бұл аурудың емі жоқ. Әзірге вирусқа қарсы препарат табылмады. Өйткені вирус жасушаға енеді. Оның көзін жою үшін жасушаны да өлтіру керек. Адам папиллома вирусы емдеуді қажет етпейді. Бұл ауру коронавирус не тұмау сияқты байқалмайды. Адамның иммун жүйесінде  антидене түзеді, 1,5-2 жылда ағза вирусты жеңіп шығады. Бірақ адам папиллома вирусының кей штамдарына иммун жүйесінің шамасы жетпейді. Қатерлі ісікке айналмауы адамның  иммун жүйесіне байланысты. ҚОРҒАНУДЫҢ  жалғыз жолы – вакцина салғызу. Екпе вирус салдарынан туған қатерлі ісіктен немесе басқа да аурулардан емдемейді. Кез келген вакцина сияқты бұл да – алдын алу шарасы. Балаларға бірінші 8-10 жыл бұрын жыныстық серігі пайда болғанша, яғни 11 жаста  салынады. ВАКЦИНА  вирустан 8-10 жылға қорғайды. Жыныстық серігіңіз көп болған сайын, адам папиллома вирусын жұқтыру ықтималдығы арта береді. Екпені 45 жасқа толмаған кез келген адам салғыза алады.Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі Австралия, АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Германия тәжірибесіне сүйеніп отыр. Ведомствоның дерегінше, Австралия – 2007 жылы адам папиллома вирусына қарсы екпе енгізген алғашқы мемлекеттердің бірі. Бағдарлама нәтижесінде 18-24 жас аралығындағы австралиялық әйелдердің адам папиллома вирусын жұқтыруы 22 есеге (22,7% пайыздан 1,5% пайызға дейін) азайған. Жатыр мойны обырымен ауыруы 50 пайыз кеміген. 2035 жылға қарай жатыр мойны обырынан болатын өлім-жітім деңгейі 100 мың әйелге шаққанда 1-ге жетпеуі керек деген болжам жасалды.Сондықтан қыздарыңызды  АПВ –на қарсы ектіріп алыңыздар!
М.Сүйіндікова
Шиелі аудандық  санитариялық-эпидемиологиялық
  бақылау  басқармасы бөлім басшысы    


21 ақпан 2024 ж. 377 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (9252)

05 қараша 2024 ж.

№87 (9251)

02 қараша 2024 ж.

№86 (9250)

29 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930