Адам папиллома вирусы дегеніміз не?
Адам папиллома вирусы (мұнан әрі – АПВ) – тері мен шырышты қабаттардың эпителийіне әсер ететін өте кең таралған вирустардың тобы. Оның 14 түрі онкогенді, яғни онкологиялық аурулардың дамуына әкеледі. Бұл вирустың көптеген түрі тері мен шырыш қабатында қатерсіз өзгерістер тудырады (соның ішінде сүйел), бірақ папиллома вирусының кей түрі қатерлі ісік те тудыруы мүмкін.
Көптеген адамды АПВ алаңдатпайды, бірақ кейбір папилломавирус сүйелдерге немесе қатерлі ісікке әкелуі мүмкін. Папиллома вирусы адамнан-адамға тұрмыстық байланыс және жыныстық қатынас арқылы берілуі мүмкін. Жатыр мойны обырының дамуы әйелдің адам папиллома вирусын жұқтыруымен байланысты, бұл туралы көптеген ғылыми дәлел бар.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 95%-дан астам жағдайда жатыр мойны обырын адам папилломасы тудырады. Адам папиллома вирусы бар әйелдерде жатыр мойны обырының даму ықтималдығы адам папиллома вирусы жоқ әйелдерге қарағанда 6 есе жоғары. Дүниежүзінде жатыр мойны обыры жыл сайын шамамен 600 000 әйелде анықталады және жыл сайын шамамен 340 000 әйел осы аурудан қайтыс болады. Ал Қазақстанда жыл сайын 1 600-ге жуық жатыр мойны обыры диагнозының жаңа жағдайы тіркеледі, жыл сайын осы аурудан 500-ден астам әйел қайтыс болады. Қазақстанда әйелдер арасындағы онкопатология құрылымында жатыр мойны обыры (ЖМО) сүт безі обырынан кейін екінші орында тұр. Ең тиімді қорғану әдісі – вакцинация. Вакцинамен қорғануға болатын жалғыз қатерлі ісік түрі – жатыр мойны обыры. Халықаралық тәжірибеде жүзден астам елде, соның ішінде ұлдар арасында АПВ вакцинасы енгізілген. Бұл мемлекеттерде жатыр мойны обыры 90% төмендеген. Қазақстанда 2024 жылдың 3-тоқсанынан бастап қыздарды вакциналау жоспарлануда. Адам папиллома вирусына қарсы екпе Ұлттық вакцинация күнтізбесіне енгізіледі. Вакцинация 11 жастағы қыз балаларға ата-анасының келісімін алғаннан кейін жүргізіледі. Бұл жас ДДҰ, онкологтердің ұсыныстарына сәйкес таңдалды, себебі 11-14 жас аралығында иммундау ересек жасқа қарағанда тиімді, осы жаста тұрақты иммунитет қалыптасады. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеген абзал! Екпе барлық халыққа бірдей ақысыз және қолжетімді. Әлемде бұл вакцинаға сұраныс өте жоғары. Бүгінгі таңда 125-тен астам ел Ұлттық вакцинация күнтізбесіне осы вакцинаны енгізген, соның ішінде Австралия, Бельгия, Канада, Германия, Жапония, Бразилия, Швейцария, Ұлыбритания және АҚШ бар. Орталық Азия елдерінен көршілес Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, Түрікменстан АПВ-ға қарсы вакцинация енгізген. Адам папиллома вирусына қарсы вакцинация туралы ақпаратты тек сенімді ресми көздерден алыңыздар. Ресми және сенімді ақпарат алу үшін ресми ақпарат тарататын ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және ДДҰ-ға жүгінген жөн.
Шиелі аудандық санитариялық –эпидемиологиялық

бақылау басқармасы басшысы Г.Айтекеева