Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАРШЫЛАРЫ 100 ОТБАСЫҒА ҰШЫР САДАҚАСЫН БЕРДІ

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАРШЫЛАРЫ 100 ОТБАСЫҒА ҰШЫР САДАҚАСЫН БЕРДІ

Қайырымдылық – адам жанының нұры. Сөзбен емес, іспен көрсеткен өнеге адам жанында мәңгі қалады. Жалпы қолдан келсе, жақсылық жасауға асыққан дұрыс.
Соңғы кездері ауданда мұқтаж жандарға барынша көмек қолын созушылар көбейді. Бұл адам жүрегіне имандылық ұялататыны рас. Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық істейді. Сондықтанда «жанашырлыққа жан риза» деп жатады. Аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске қатысу – әрбір адамның азаматтық парызы.
Шиелі аудандық орталық мешіті «Зекет және қайырымдылық» қоры мен аудандағы шаруақожалықтарының бірлесуімен 100 отбасыға ұшыр садақасын берді. Сондай-ақ 1 тонна күріш облыс көлеміндегі медресселерге таратылды.
Қайырымдылық шарасында аудан имамы орталық мешіт жанындағы асханада шаруашылық төрағалары, аудан ақсақалдары, медресе шәкірттері және мұқтаждарға арнап ас берді. Қайырымды іске облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Дастан Жанасұлы қатысып, уағыз-насихат айтты. Аудан ардегерлерін бастаған Өркен Исмаил ағаларымыз сауапты іске атсалысқан кісілерге ыстық лебіздерін жеткізді. Иә, «қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көрерсің» деген дана халқымыз. Осындай игі іске ілесіп, қайырымдылық жаршыларының көшін бастап тұрған Халықбек Мыханов, Асқар Бердібаев, «Кәусәрім» мейрамханасы т.б күріш шаруашылықтарының үнемі сауапаты іске үлес қосып жүретінінен ел хабардар. Жиын соңында аудан имамы Рахат Серікбайұлы шараға қатысқан барша қонақтарға алғысын білдіріп, қайырлы іс алдағы жылда да жалғасын табатынын жеткізді.

Г.Әбдіхани
06 желтоқсан 2024 ж. 145 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№98 (9262)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031