Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАРҚЫН ЖОБАЛАР ЖАЛҒАСЫН ТАБАДЫ

ЖАРҚЫН ЖОБАЛАР ЖАЛҒАСЫН ТАБАДЫ

Қазір Шиелі ауданы қарқынды инвестициялық жобалар алаңына айналды. Заманауи спорт кешендері, құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорындар, күріш ақтайтын зауыттар, әк өндіру, оқушылар үйі, заманауи мектептер, руханият орталығының құрылыстары қызу жүруде. Жалпы алдағы төртжылдықта жобалық құны 95 млрд теңгені құрайтын 16 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Барлығы бірдей іске қосылғанда 1300-ден аса жұмыс орны ашылмақ. 
Осы жылдың аяғына дейін көп уақыт қалмаса да, ауданда 8 инвестициялық жоба іске қосылады. Әдетте, инвестор уақыттың сұранымына ие өндіріске қаржы салады. Шиелі өңірі егін шаруашылығына икемді. Соған орай биылдың өзінде аудан бойынша 3 күріш ақтау зауыты ашылмақ. Бұл – негізгі кәсібі егіншілікке айналған өңіріміз үшін үлкен олжа. Күзде қамбасын астыққа толтырған шаруалар енді күрішін ақтау үшін кезек күтпейді. Бұл бір жағынан уақытты үнемдеу болса, екіншіден өнімнің ысырап болмауына септігін тигізбек. Оған қоса 30-ға жуық адамға жаңа жұмыс орны табылады. Одан бөлек «Transshipment 1» ЖШС-ның «Кислота сақтау қоймасы» биылғы жылда жүзеге асатын ірі жобаның біріне айналмақ. Жоба құны – 1,5 млрд теңгені құрайтын қойма іске қосылғанда 40 адам жұмыспен қамтылады. Кәсіпкерлердің бастамасымен осы секілді 8 жобаны жыл соңына дейін ашу жоспарланған. ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ ӨНДІРІСТІҢ БАҒЫН АШАДЫ Шиелідегі іргесі қаланған индустриялық аймақ инвесторларға қолайлы жағдай туғызатын, өміршең жобаларды жүзеге асыратын алаң болып отыр. Аудан экономикасын дамыту үшін 2028 жылға дейін ізденістер мен инвестиция тарту арқылы құны 70,5 млрд теңгеге бағаланатын 18 инвестициялық жобалар пулы жасалды. Олардың дені ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және құрылыс материалдарын шығаруға бағытталған. 96 гектар жерді алып жатқан аймақта қазір 7 жоба өз жұмысын бастап кетті. Мұндағы ең ауқымды әрі сәтті жүзеге асқан жобаның бірегейі – «Гежуба Шиелі Цемент компаниясы» ЖШС-ның «Тампонажды цемент өндіру зауыты» жобасы. Жоба құны 64 млрд теңгені құрап, 260 адам жұмыспен қамтылған. Бес гектар аумақты алып жатқан «Шиелі Жолшы» ЖШС-ның асфальт зауыты және темір-бетон зауыты да өнімді жұмыс жасауда. Оның құны 124 млн теңгені құраған. Сол секілді «Бопежанованың» әк зауыты, «КазСтрой Орда» ЖШС-ның жобалық құны 30 млн теңгені құрайтын «Бетон зауытының құрылысы», «Абзал», «СК Ризалит», «PRAIDE LTD» өндіріс орындарының құрылыс материалдарын өндіру цехтары іске қосылған. Қалған 11 жоба алдағы төртжылдықтың еншісінде. Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әлауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамытуға бағытталған «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде де атқарылып жатқан жұмыстар өз жемісін беруде. Мәселен, жоба аясында кенттен құны 363 млн теңгені құрайтын салынатын спорт кешені с а л ы н б а қ . Оның құр ы л ы с ы н бас­т а у ғ а республикалық б ю д ж е т т е н 5 0 млн теңге бөлінген. Сондай-ақ Бестам ауылынан жалпы құны 461 млн теңгені құрайтын 150 орыңдық клуб бой көтереді. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының игілігін Бидайкөл, Жиделіарық, Ә.Тәжібаев ауылдарының халқы да сезінетін болады. Аталған елді мекендерде сыртқы электрмен қамту желілерінің құрылысын бастауға республикалық бюджеттен 153 млн теңге бөлінді. БІЛІМ САЛАСЫНДА ДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ Естеріңізде болса, өткен жылы облыс әкімінің қатысуымен Байсын ауылында жаңадан 250 орындық мектеп пайдалануға берілген болатын. Биыл жобалық құны 998 млн теңге болатын Жансейіт елді мекеніндегі 100 орындық жаңа мектеп пен 784 млн теңгеге салынған Г.Ковтунов атындағы №252 мектеп-гимназиясына 375 орындық қосымша корпусы жаңа оқу жылында оқушыларды қабылдады. Мемлекет басшысының қолдауымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыру мақсатында қазір заманауи құралдармен жабдықталған 900 орындық «Жайлы мектептің» құрылысы жоспарлануда.
Сонымен қатар аудан орталығындағы Ы.Алтынсарин атындағы №219 орта мектеп ғ и м а р а т ы н күрделі жөндеу ж ұ м ы с т а р ы н а облыстық бюджеттен 408 млн теңге бөлінген. Тек бұл ғана емес, оқушыларды сапалы біліммен қатар өнерге, шығармашылыққа баулу мақсатында кент ішінен 200 орындық «Оқушылар үйі» мен 50 орындық «Өнер мектебінің» құрылыс жұмыстарын бастауға дайындық қызу. Мектеп оқушыларының жазғы демалысын қамтамасыз ету мақсатында 200 орындық сауықтыру лагерін Бәйгеқұм елді мекеніндегі көл жағалауынан салу да аудан әкімдігінің бас жоспарына енгізілген. А л д а ғ ы у а қ ы т т а ауданның әлеуетін арттыруда ізденіс жұмыстары тоқтамақ емес. Бүгінде экономиканың қай саласын да инвестиция тарту арқылы дамытуға болатынын уақыт көрсетіп отыр. Бизнес пен әлеуметтік саланы дамытуда мемлекеттің көмегі де даяр. Инвестициялық қаржы мен мемлекеттік бағдарлама бірін бірі қолдап ынтымақтасқанда, экономиканы дамытудың тегеурінді тетігіне айналмақ.
Гүлхан ЯХИЯ
29 қазан 2024 ж. 99 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930