Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бруцеллез ауруының алдын алу

Бруцеллез ауруының алдын алу

Бруцеллез (сарып) - жануардан  адамға  жұғатын  аса қауіпті жұқпалы ауру. Бруцеллезбен барлық ауыл шаруашылық және үй жануарлары ауырады. Бірақ  бруцеллез  таралуында  ұсақ және ірі қара мал маңызды рөл атқарады. Аса қауіпті, аурудың ауыр түрлеріне әкелетін қой мен ешкі бруцелла   қоздырғышы  болып табылады. Адамға  жұғу  жолы  ауру малдарға қарау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан, тамаққа зарарсыздандырылмаған сүт, сүт өнімдерін, етті қолданудан болады. Сол себепті сақ болыңыз және кездейсоқ сауда орындарынан азық-түліктерді алмаңыз, әрдайым сатушыдан өнімге сапа куәлігін (сертификат) көрсетуді талап етіңіз.
 Барлық ауыл шаруашылық малдарына тән бруцеллездің негізгі белгілері: түсік тастау, өлі төлдеу. Бруцелла вирусы суда 2 ай, етте 3 ай, тұздалған етте 30 күн, жүнде 4 ай, шикі сүтте 40 күн, брынза, сүзбе, қаймақта 2 ай сақталады. Бруцеллалар 60 градуста қыздырғанда 30 минутта, қайнатқанда бірнеше минутта өледі. Бруцеллез ауруын жұқтыруға себеп болатын мән-жайлар:
адам мал сойғанда қан арқылы, (кесіп алған немесе зақымдалған тері арқылы), өлі төлден, түсік тастаудағы материалдар, төл жанындағы су, зақымдалған жүн арқылы; ауру малдың сүтін, сүт тағамдарын ішкенде немесе жегенде,        ауру  малдың  ластанған нәжіс, тағы басқа бөлінділерімен шаң-тозаң       арқылы;  
ауру малдың етінен қанды кәуәп жегенде, тартылған еттен;
ауру малдың жүнін сыпырғанда, өңдегенде, қырққанда, түбітін түткенде, тоқығанда;
Ауруды жұқтырған сәттен бастап,  алғашқы белгілері 1-4 апта кейде 2-3 айға созылуы мүмкін. Адамдарда бруцеллез ауруы жедел түрде басталып дене қызуының жоғарылауымен бас ауруы, әлсіздік, бұлшық еттердің, аяқ буындарының, бел тұсының ауырсынуы, түнде тершеңдік, ұйқысыздық, тәбетінің нашарлауына әкеп соғады. Әйел адамда бруцеллез ауруының белгісі жиі түсік тастау болып табылады.  Бұл жағдайда, науқас дәрігерге неғұрлым ерте қаралса, адамға ем қабылдау соғұрлым нәтижелі болады. Жеке бас және жанұя мүшелерін бруцеллез ауруынан сақтап қалу үшін негізгі алдын алу шараларын білу қажет:
Мал сою кезде, мал өнімдерінің шикізатымен айналысқан жұмысшылары арнайы киімдер (халат, резинадан жасалған алжапқыш, резина етік, қолғап) киіп  жұмыс істеуі қажет. Арнайы киімді үйге кіргізуге болмайды, ластанғанда бөлек жуу керек.
Жұмыстан соң қолды ыстық сумен сабындап жуу керек. Мал тұрағында, ет, сүт павильондарында темекі тартуға, тамақ ішуге болмайды.
Тексерілмеген мал сүтін, шикі сүт ішуге, кез келген жерден сүт тағамдарын сатып алуға болмайды.
Белгісіз малдың етін ветеринарлық құжатсыз сатып алуға болмайды, тағам пісіргенде шикі еттің дәмін көруге болмайды;
Балаларға ауру малды жайлауға,  жүкті, бала емізіп жүрген аналарға мал союға қатысуға болмайды;
Ауру мал тұрған жерді міндетті түрде дезинфекциялау керек.
Ауру малдарды 3 күн  ішінде сойып тапсыру, үй жағдайында союға тыйым салынады;
Ет шикізаты кәсіпорындары жұмысшылары, ет шабушылар жылына бір рет бруцеллезге тексеріліп отыруы қажет;
Ауру малдар анықталған жанұя, әсіресе балалар міндетті түрде емдік-профилактикалық мекемелерде медициналық тексеруден өтіп, бруцеллезге тексерілу қажет;
Ауылшаруашылық малдарын бруцеллезге тексерту;
Ауру малдар анықталған кезде ветеринарлық мамандарға хабар беру.
дер кезінде оқшаулау, жою ветеринариялық шараларды күшейту қажет.
Г.Айтекеева
Шиелі аудандық санитариялық–эпидемиологиялық бақылау басқармас
22 қазан 2024 ж. 161 0

Қоғам

ҒАСЫРҒА ИЕК АРТҚАН БАСЫЛЫМ
03 желтоқсан 2024 ж. 42

Толағайлар тартысы

03 желтоқсан 2024 ж.

ОЛЖАЛЫ БОЛУ ОҢАЙ МА?

03 желтоқсан 2024 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

29 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031