Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сарып ауруынан сақ болыңыз!

Сарып ауруынан сақ болыңыз!

 Сарып ауруынан сақ болыңыз!       Сарып ауруы – малды төлдету кезінде, қойдың жүнін қырқып, одан  өнім алу, сондай-ақ ет, сүт өнімдерін дайындау кезінде жұғады. Сүт зауыттарында да ауруды жұқтырып алуыңыз әбден мүмкін. Ол адамға қайнамаған  сүт, қай­мақ арқылы да жұға алады. Мал қораларын тазалау кезінде ауадағы шаң-тозаң арқылы да жұғады. Осы жұғу жолдарының ішіндегі  ең қауіптісі – мал төлдету кезінде  малдың  шуы, қағанақ  суы арқылы жұғуы.
Сарып ауруының қоздырғышы  сүт құрамында қалыпты температурада 10 – 18 күн, қымыз бен шұбатта – 3,  сақталады. Сұйық ортада 60 градуста 30 минутта, 80-85 градуста 5 минут ішінде, ал қайнатқанда бірден өледі. Тікелей түскен күн сәулесінің әсерінен 4-5 сағатта өледі, топырақта тіршілігін 100 күн, суда 114 күн сақтайды. Қоздырушы азық-түлікте ұзақ сақталады. Төменгі температураға өте төзімді болады.
Сарыптың алғашқы клиникалық белгілері: Кешке  қарай дене қызуы көтеріледі, денені тер басады, әлсіздік  пайда болады. Негізінен буындар ауырып, бұлшық еттер  мен жүйке жүйелері зақымданады. Жыныс мүшелеріне әсер  еткен жағдайда ерлерде орхитке, әйелдерде түсік тастауға,  жатырдың қабынуына, мастит ауруларына әкеліп соқтырады.  Ал балалар мен жасөспірімдерді белсіздік ауруымен зақымдауы мүмкін. Дер кезінде қаралмаған немесе дәрігерге кеш  келген жағдайда бруцеллез асқынып, мүгедектікке әкеліп  соқ­тырады.
Бұл дерттен сақтану жолдары; Ең алдымен  анықталған ауру малдың көзін тез арада жою қажет. Малды төлдету  кезінде немесе күтім жасаған кезде сақтық үшін арнайы қолғап, аяқ киім киген дұрыс, қолды сабынмен екі қайтара жуып, залалсыздандыру керек. Сонымен қатар сапалы өңдеуден өткен ет, сүт өнімдерін тұтыну қажет. Ет, сүт өнімдерін үй жағдайында ұзақ қайнатып пайдаланған жөн. Жеке меншігіңіздегі  малдың арасында түсік тастау,  өлі туу жағдайын дереу мал дәрігеріне хабарлау керек.
Ал егер жоғарыда аталғандай ауру белгілері мазалаған жағдайда, тез арада  дәрігерге жедел түрде көрін­ген дұрыс.
21 ақпан 2024 ж. 385 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031