Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАЛАРЫН ҚОЛДАЙДЫ

БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАЛАРЫН ҚОЛДАЙДЫ

Бүгін АЭС салуды қолдау жөніндегі аудандық халықтық штаб мүшелері Нұргүл Шалекеева, Біржан Өтебай, Кенжехан Есенбаев, Нұрсұлтан Сапарбай «Атамекен» БПҰ мүшелерімен кездесті.


БПҰ мүшелерімен әңгімелесу барысында штаб мүшелері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кезекті Жолдауында көрсетілген жалпыұлттық референдум өткізу бойынша атом энергиясын пайдаланудың артықшылығы туралы айтты.
Халықтық штабтың мақсаты – ел арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоғамда АЭС-ті қолдауға жұмылдыру. Халықты атом электр станциясын салу жөніндегі прогрессивті идеясының айналасында топтастыру, қоғамға АЭС салудың маңыздылығы мен артықшылықтарын жеткізу болып табылады.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта Қазақстан электр энергиясының тапшылығын сезінуде және оны көрші елдерден импорттауға мәжбүр екенін бәрі білуге тиіс. Осы тапшылық жаңа өндірістердің іске қосылуына, жұмыс орындарын құруға тікелей әсер етіп, бизнестің дамуына кедергі келтіруде. Бұған жол беруге болмайды.
Кездесуде «Атамекен» БПҰ мүшелері референдум, АЭС бойынша толғандырған сауалдарын қойып, штаб мүшлерінен жауап алды.
30 қыркүйек 2024 ж. 88 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031