АРЗУЛЛА АҚЫН АМАНАТЫ

Байқаудың мақсаты Нартай ауылының мәдениеті мен өнерінің өркендеуіне зор үлес қосқан Арзулла Молжігітовтің мол мұраларын өскелең ұрпақтың бойына сіңіру, дәстүрлі әншілердің шығармашылығын насихаттау, орындау шеберліктерін шыңдау, оларға жан-жақты қолдау көрсету және ұлттық өнерімізге деген қызығушылығын арттыру болып табылды.
Байқауға Қызылорда қаласы мен облысқа қарасты аудандардан 9 үміткер қатысып, өзара бақ сынасты.
Байқауға Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының “Жыр-терме” бөлімінің меңгерушісі, жырау Майра Сәрсенбаева, Ноғайбаевтар отбасылық ансамблінің жетекшісі, дәстүрлі әнші Ақмарал Ноғайбаева, Шиелі ауданының Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейінің директоры Құттықыз Ыхановалар қазылық етті.
Нәтижесінде Шиелі ауданынан Аманбек Ысқақов пен Нұрсәулем Фазылова, сырдариялық Әйгерім Үсеновалар алғыс хатпен марапатталса, жүлделі ІІІ орынға Қызылорда қаласынан Тоғжан Өтенова мен жаңақорғандық Көкен Өскенбай, ІІ орынға шиелілік Ізбасхан Дәулетхан, І орынға Қармақшы ауданынан Ақсұңқар Бүркітбай, Бас жүлдеге Шиелі ауданынан Мұхаммедәлі Бекпейіс ие болды. Қатысушыларға қаржылай сый-сияпат жасалды.
Барлық қатысушыларды жеңістерімен құттықтаймыз!