Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » КӨШБАСШЫ ӘЙЕЛДЕРГЕ АРНАЛҒАН «TOMIRIS» ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

КӨШБАСШЫ ӘЙЕЛДЕРГЕ АРНАЛҒАН «TOMIRIS» ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

«AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясының көшбасшы әйелдерге арналған «Tomiris» білім беру жобасына конкурстық іріктеуден Қызылорда облысынан 2 қатысушы таңдалып алынды.
1-10 шілде аралығында барлығы 154 өтінім келіп түсті. Олардың ішінен 125 өтінім конкурс талаптарына толықтай сай келді.
Іріктеудің бірінші кезеңінде 125 адамның түйіндемесі мен бейнепрезентациясына баға берілді. Нәтижесінде, финалдық кезең - сұхбаттасуға 88 адам өтті.
Екінші кезеңде Конкурстық комиссия мүшелері финалға өткен үміткерлермен сұхбат жүргізіп, ашық дауыс беру арқылы көшбасшы әйелдерге арналған «Tomiris» оқу бағдарламасына қатысатын 40 әйел іріктеліп алынды.
Іріктеуден өткен талапкерлер арасында Қызылорда облысынан 2 қатысушы тандалып алынды. Олар Шиелі ауданынан мәслихат депутаты, “Арман” мәдениет үйінің директоры, “Атамекен” БПҰ төрайымы Нұргүл Шалекеева және “Анаға тағзым” орталығының басшысы, партия филиалы жанындағы Әйелдер қанатының жетекшісі Алтынай Молжанова.
Конкурстың жеңімпазы Шалекеева Нұргүл Тәңірбергенқызы «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 12-14 қыркүйек күндері «Tomiris» жобасы аясында «Әйелдердің саяси көшбасшылығы» тақырыбы бойынша өткен оқуға қатысып, академияның арнайы сертификатын алды. Бұл партия филиалы үшін үлкен мәртебе.
18 қыркүйек 2024 ж. 78 0