Қызылша – қауіпті дерт
Қызылша – бүгінгі күні ең жұқпалы аурулардың бірі. Егер бұрын қызылшамен ауырмаған және егілмеген адам қызылшамен ауырған адаммен қарым-қатынаста болса, ауру жұқтыру қаупі өте жоғары.
Сол үшін де екпе мерзімін қатаң сақтау және инфекция ошағында эпидемияға қарсы шаралар жүргізу өте маңызды. Есте сақтау керек: ауру суық тию белгілері сияқты басталады. Дене қызуы 38-40° көтерілу, әлсіздік, тәбет тартпау, құрғақ жөтел, мұрыннан су ағу. Соңынан коньюктивит-көзі қызарып ,қабыну пайда болады.
Вирус ауа-тамшылары арқылы сөйлескенде, жөтелгенде, түшкіргенде ауру адамның сілекейінен сыртқы ортаға түседі. Инфекция көзі – төртінші күн бөртіп ауырып жүрген адам. Бесінші күннен бөртіп жүрген адамнан жұқпайды. Ауырып, жазылған адамда өмір бойға иммунитет сақталады. Анасы қызылшамен ауырып қойған балада туғаннан 3 айға дейін шалдығу болмайды, өйткені, осы уақытта оның қанында сақтайтын анасының қарсы денелері сақталады. Қызылшамен ауырмаған және егілмеген адамда өмір бойы ауруға шалдығу қаупі кез келген жаста болады.
Қызылшаның алдын алуда тиімді де сенімді шаралардың бірі – егілу. Қызылшадан егілу сақтану иммунитетін қалыптастырады. Бірінші екпе бала 1 жаста, екінші екпе бала 6 жаста толғанда жүргізіледі. Екпе он бес жыл бойы тұрақты, сақтау тиімділігін қамтамасыз етеді.
Қызылшамен ауырған баланы басқа балалардан бөлек ұстаған жөн. Ауырып жатқан баласы бар үйге өзге үйдің балаларының келуіне болмайды. Сонымен қатар қызылша ауруы бар үйдің балалары егер олар бұл аурумен ауырмаған жағдайда мектепке, балабақшаға немесе басқа да қоғамдық орындарға баруына болмайды.
Егу жүргізілмеген адамдарда қызылша ауыр өтеді. Егер олар уақытында емделмесе, асқынулар болуы мүмкін. Бұрын егу алып, иммунитетінің әлсіреуіне байланысты ауырған адамда дерт жеңіл өтеді.
Дұрыс емделмей, дене қызуы қайта көтерілген науқаста отит, пневмония, ларинготрахеит, энцефалит, менингит сияқты асқынулар дамуы мүмкін. Қызылшаға қарсы екпе бұл аурулардан сақтайды!
Гүлзада Әйтекеева
Санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы