Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Маңғыстау облысындағы мектепте тағы 16 оқушы уланды

Маңғыстау облысындағы мектепте тағы 16 оқушы уланды

Маңғыстау облысындағы мектептің тағы 16 оқушысынан улану белгілері анықталып, медициналық көмекке жүгінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

12 қыркүйекте сағат 18:34 шамасында Бейнеу ауылындағы Ж.Қалдығараев атындағы жалпы білім беретін мектептің 16 оқушысы іш ауруымен аудандық жедел жәрдем бөліміне жүгінді.
"Қабылдау бөлімінде ауызша регидратация және инфузиялық терапия жүргізілді. Сағат 21.43-те 16 бала үйлеріне қайтты. Оқушылардың денсаулық жағдайы тұрақты. Бүгін барлығы мектепке барды", - деп хабарлады Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мамандары мектептен тамақ пен ауыз су сынамаларын алып, оларды сараптамаға жіберді.
13 қыркүйек 2024 ж. 271 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

№56 (9423)

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31