Шығыс Қазақстанда екі отбасы жоғалып кетті

Алайда сол күннен бастап олардан еш хабар болмаған. Глубокое полиция бөлімінің жеке құрамы төрт ересек адам мен екі баланы іздеуге жұмылдырылды.
Дрон арқылы екі отбасының орналасқан жері белгілі болды. Олар табиғи апаттың салдарынан бір орында қалып қойған.
«Біз демалуға келген едік. Алайда бір сәтте өзен деңгейі көтерілді. Үш күн бойы бұл өзеннен өте алмадық. Абырой болғанда, қазір бізде бәрі жақсы», — дейді отбасы мүшесі.
Олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.