Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа оқу жылына дайынбыз ба?

Жаңа оқу жылына дайынбыз ба?

Жайдары жаз бітіп, қоңыр күздің келетін күні де таяу. Бұл уақыт мектеп оқушылары үшін жаңа өмір белесіне баланады. Алғашқы қоңырау соғылып, бірі мектеп табалдырғын жаңа аттаса, енді бірі бір сынып алға басып, жаңа сатыға көтеріледі. Шәкіртімен қуана қауышып, құшағы гүлге толған мұғалім, ақ бантик тағып мектепке асыққан оқушы күздегі тіршіліктің шырайын кіргізіп жіберетіндей. Мектеп қана емес бұл шақта балабақшалар да бүлдіршіндер үшін есігін айқара ашады. Біз бүгін білім беру мекемелерінің өткен жылдары бағындырған белесі мен жаңа оқу жылына дайындығы туралы айтамыз.  Әрине, кезекті оқу жылының ойдағыдай өтуі, оның өн бойында жақсы жетістіктер мен нақты нәтижелердің де көрініс беруі дайындықтан бастау алатыны бұрыннан белгілі жайт. Ал ол ауданда қалай ұйымдастырылды, жаңа оқу жылына дайынбыз ба? А у д а н д ы қ б і л і м б ө л і м і б е р г е н мәліметке сүйенсек, 38 мемлекеттік мектеп пен 18 мемлекеттік балабақша жаңа оқу жылына сақадай сай тұр. Биыл аудан ­бойынша 18 378 оқушы үшін алғашқы қоңырау соғылады. Олардың 1600-і мектеп табалдырығын алғаш рет аттамақ. Оқушыларға сапалы білім мен тәрбие беретін 3082 мұғалім бар. Биыл Жансейіт ауылынан 100 орындық №133 негізгі мектеп жаңадан соғылды. Құрылысы толық аяқталған оқу ғимараты 1 қыркүйек күні ауыл оқушыларына есігін айқара ашпақ. Одан бөлек кент орталығындағы №252 Ковтунов атындағы мектептің 375 орынға арналған қосымша ғимарат құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы М.Ақпанбетовтың айтуынша білім ошағының қыркүйек айында пайдалануға беріледі. Одан өзге білім бөліміне қарасты 36 мектепке жай жөндеу жұмыстары жасалған. Алдағы жылу маусымына да білім мекемелері дайын. Қазіргі күні 6 мектеп пен 2 балабақша көгілдір отынға қосылған. Дәстүрлі түрде өтетін «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы балаларға қуаныш сыйлауды жалғастыруда. Қайырымдылық акциясының мақсаты – аз қамтылған және көпбалалы отбасы балалары мен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған мектеп жасындағы балаларға оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсету. Бұл әртүрлі әлеуметтік себептермен оқушылардың біліммен қамтылмай қалуының алдын алу болып табылады. Өткен аптада Оқушылар үйі алаңында «Мектепке жол» акциясына арналған салтанатты шара өтті. Бұған дейін акция аясында 130 отбасының мектеп жасындағы 580 баласына қайырымдылық көмектер көрсетілген. Шара аясында аудан әкімінің орынбасары Б.Ысмағұлов аудан кәсіпкерлерінің қолдауымен тағы да тұрмысы төмен 20 отбасы балаларына мектепке қажетті құралжабдықтар мен киім-кешек табыстады. Акция барысында тұрғындардың қажеттілігін ескере отырып, кәсіпкерлер мектеп формаларын, спорттық киімдер, аяқ киімдер, оқу құрал-жабдықтарын мүмкіндігінше төмен бағамен «Мектеп жәрмеңкесін» өткізді. «Балаларға жақсылық сыйла!» ұранымен өткізіліп жатқан барлық қайырымдылық шара 30 қыркүйекке дейін жалғасады.
Гүлхан СӘБИТҚЫЗЫ
28 тамыз 2024 ж. 181 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031