Жоғары оқу орындарын үздік бітірген жас түлектердің мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеусіз және тест тапсырмастан тағайындалу мүмкіндіктері
Елімізде 2022 жылдың желтоқсан айында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Заңына (бұдан әрі Заң) енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес жастардың және кәсіби мамандардың мемлекеттік қызметке кіруі жеңілдетілді.
Мемлекеттік қызметке кіруді жеңілдету мақсатында Заңға енгізілген жаңашылдықтардың бірі – жоғары оқу орындарын мемлекеттік тапсырыс шеңберінде (грантпен) орташа «GPA» көрсеткіші 3,33 кем емес мәнімен аяқтаған үздік түлектерді аудандық және ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдарға конкурс өткізбестен уәкілетті органның келісімі негізінде қызметке тұруы.
Мемлекеттік қызметке кіруді жеңілдету мақсатында Заңға енгізілген жаңашылдықтардың бірі – жоғары оқу орындарын мемлекеттік тапсырыс шеңберінде (грантпен) орташа «GPA» көрсеткіші 3,33 кем емес мәнімен аяқтаған үздік түлектерді аудандық және ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдарға конкурс өткізбестен уәкілетті органның келісімі негізінде қызметке тұруы.
Жоғары оқу орындарын мемлекеттік грантпен үздік бітірген жастар оқуын бітіргеннен кейін бір жыл ішінде конкурс өткізілместен
«Б» корпусының бірқатар төменгі мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қызметке орналаса алады.
Осыған сәйкес, жастар конкурс өткізілместен және заңнамалардан ешқандай тест тапсырмастан өңіріміздегі келесідей лауазымдарға орналаса алады:
1) Қызылорда қаласынан басқа облыс аудандарының әкімдіктері мен аудандық мәслихат аппараттарының «Е-4» және «Е-5» санаттарындағы төменгі лауазымдарына;
2) Қызылорда қаласынан басқа жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыс аудандарының атқарушы органдардың «D-R-4», «D-R-5», «E-R-4» және «E-R-5» санаттарындағы басшылық емес лауазымдарына;
3) кент және ауылдық округ әкімі аппараттарының «E-G-3» және «E-G-4» санаттарындағы басшылық емес лауазымдарына;
4) министрліктер мен агенттіктердің облыстық аумақтық департаменттері мен инспекцияларының аудандардағы (Қызылорда қаласынан басқа) аумақтық бөлімшелерінің «С-R-4» және «С-R-5» санаттарындағы басшылық емес лауазымдарына.
Бұл білікті жастарды мемлекеттік қызметке ынталандыру, өңірлердегі кадр тапшылығын шешу үшін қабылданған норма.
2023 жылдан бері бүгінгі күнге дейін мемлекеттік грантпен жоғары оқу орындарын үздік бітірген өңіріміздегі 5 жас түлек жоғарыда көрсетілген мүмкіндікті пайдалана отырып, уәкілетті органның келісімімен төмендегі аудандық және ауылдық деңгейдегі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз тағайындалды:
1. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін 2023 жылы «GPA» көрсеткіші 3,58 мәнімен үздік аяқтаған Серікбай Айзат Асқарқызы «E-G-3» санаты бойынша Арал ауданының Жақсықылыш кенті әкімі аппаратының бас маманы лауазымына;
2. Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетін 2023 жылы орташа «GPA» көрсеткіші 3,69 мәнімен үздік аяқтаған Сейілханова Сымбат Жайлаубекқызы «E-G-4» санаты бойынша Шиелі ауданының Тұран ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы лауазымына;
3. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетін 2023 жылы «GPA» көрсеткіші 3,66 мәнімен үздік аяқтаған Кәдірова Жанерке «E-G-3» санаты бойынша Қызылорда қаласының Талсуат ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы лауазымына;
4. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін 2023 жылы «GPA» көрсеткіші 3,87 мәнімен үздік аяқтаған Атаханова Айбибі Атаханқызы «E-R-4» санаты бойынша Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы лауазымына;
5. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетін 2023 жылы «GPA» көрсеткіші 3,50 мәнімен үздік аяқтаған Қасқырбай Азиза Еркебайқызы «E-G-3» санаты бойынша Қазалы ауданының Аранды ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы лауазымына конкурстық іріктеусіз тағайындалды.
Бұл мүмкіндіктер, мемлекеттік грантпен жоғары оқу орындарын үздік бітірген жастардың жұмыспен қамтылуына, оның ішінде мемлекеттік қызметке конкурссыз орналасуына Мемлекет тарапынан жасалған үлкен қамқорлық болып табылады.
Осы ретте, 2024 жылы жоғары оқу орындарын мемлекеттік тапсырыс шеңберінде, яғни мемлекеттік грантпен «GPA» көрсеткіші 3,33 кем емес мәніменүздік бітірген жас түлектерді жоғарыда аталған лауазымдарға конкурстық іріктеусіз және заңнамалардан ешқандай тест тапсырмастан тағайындалу мүмкіндіктерін пайдаланып отырып, мемлекеттік қызметке орналасуға шақырамыз.
Ол үшін 2024 жылы жоғары оқу орындарын мемлекеттік тапсырыс шеңберіндеүздік бітірген жас түлектерден Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің zh.shintasov@kyzmet.gov.kz және b.nuraly@kyzmet.gov.kz электронды мекен-жайларына төмендегі құжаттарды жолдауларыңызды сұраймыз.
1. Жоғары білімі туралы диплом және оның қосымшаларының нотариалдық куәландырылғанкөшірмесі;
2. Жоғары немесе жоғары оқу орынын мемлекеттік тапсырыс шеңберінде 2024 жылы бітіргенін айқындайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
3. Жеке басын анықтайтын куәліктің көшірмесі;
4. Ұялы байланыс нөмірі.
Қосымша ақпараттарды 70-57-37 немесе 70-56-26 байланыс телефондары арқылы алуға болады.
Хабарласыңыздар, мүмкіндікті жіберіп алмаңыздар!
Бақытжан Нұралы,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің Қызылорда облысы
бойынша департаментінің бас маманы