ЖАЙЛАУДАҒЫ ЖАЗҒЫ – FEST
Жаз басталып, сабақтың аяқталуы балалардың оқудыт уақытша тоқтатуы деген сөз емес. Биыл мектеп оқушыларын жазғы демалыспен қамтуға аудан ерекше көңіл бөліп отыр. Соның бірі – «Сыр ұланы» лагерінде болған «Жайлаудағы жазғы – fest» фестивалі.
«Бала-Like» балалар айы жобасы аясында екінші рет өткізілген «Жайлаудағы жазғы – FEST» атты балалар арасындағы фестивальге 80 бала қатысты. Үлкен алаңда балалар көркемсөз оқыды, түрлі спорттық сайыстар ойнады және ән айтып, би биледі. Сонымен қатар қолөнер, сурет салу бағыттары бойынша да өздерінің бақтарын сынады. Тағы бір қызығы, фестивальде аудандық балалар кітапханасының қызметкерлері жасаған «Балалар – кітап әлемінде» атты көрменің болуы. Онда балалар қызықты көркем кітаптармен танысып, білім көкжиегін кеңейтті. Сондай-ақ ұйымдастырушылар балалардың көңіл-күйін көтеру мақсатында ертегі кейіпкерлері туған күні болып жатқан балаларды құттықтап, балаларға балмұздақтар таратып берді.
Әрмен қарай Б.Қабылұлы атындағы аудандық мәдени-шығармашылық орталығының директоры Зульфия Шалабаева сөз кезегін алып, «Like school» өнер және спорт орталығының ұжымына және директоры Е.Асанбаевқа және «Сыр ұланы» лагерінің директоры Ш.Байжановаға, «Art life» шығармашылық орталығының директоры А.Искаковаға алғыс білдірді.
– Фестивальді жоғары деңгейде өткізу үшін біз бар күшімізді салдық. Бала – біздің болашағымыз. Бүгін бүлдіршіндердің көңіл-күйі тамаша, бәрі шат-шадыман күйде. Балалардың осылай күліп, жадырап жүргені бақыт емес пе? – деді З.Құрманәліқызы.
– Фестивальді жоғары деңгейде өткізу үшін біз бар күшімізді салдық. Бала – біздің болашағымыз. Бүгін бүлдіршіндердің көңіл-күйі тамаша, бәрі шат-шадыман күйде. Балалардың осылай күліп, жадырап жүргені бақыт емес пе? – деді З.Құрманәліқызы.
Сонымен бірге ол фестивальге белсене қатысқан балалардың барлығына алғыс хат пен сыйлықтар табыстады. Ұйымдастырушылар көрермендерді жалықтырмас үшін арнайы сергіту ойындарын да ойнатты. Осындай тамаша кештен қуана шыққан балалардың ата-анасы мерекелік көңіл-күй сыйлаған жандарға ризашылықтарын білдіруді де ұмытпады.
КЕШКІ АЛАУ...
Кешқұрым. Лагерьдегі бір топ бала кешкі алау жағу сәтіне жинала бастады. Біресе көңілді, біресе мұңды. Көңілдері алабұртып, қимастық сезім сезіліп тұрды. Жан-жақтан жиналған балалар бір үйдің баласындай бауыр басып үлгерген. Олар бірге күлді де, жылады, қиын кезде бір-біріне демеу болды, көмектесті. Бұл күнді ешкім ұмытпайды. Себебі балалардың санасында жылы естеліктер жаңғырып қалды. Олардың бір-бірімен қол бұлғап, қимай алыстап бара жатқан бейнелері құдды бір балалық шағыммен қоштасқандай әсер етті.
– Жазғы алаңда әр күніміз әртүрлі өтті. Апайлар, ағайлар бізді автобусқа отырғызып, кітапханаға, музейге апаратын. Түрлі шаралар, концерттер, жарыстар ұйымдастырып берді. Жаңа достар тауып, балалармен жақсы араласып та кеттік. Тіпті, дәл қазір бір-бірімізді қимай тұрмыз, – деді лагерь тынығушысы Олжас.
Осындай ғажап әрі әсерлі көңіл-күй сыйлаған лагерь баланың танымын арттырып қана қоймай, ұстаз бен оқушы арасындағы қарым-қатынасты бекемдей түсіп, адам мен табиғат арасындағы байланысты да жақсартатыны сөзсіз.
Айнұр МАХСҰТҚЫЗЫ