«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ӘР АУЛА, ӘР АУЫЛДАН БАСТАЛАДЫ
Сенбілік. Осы сөзді естігенде, ойымызға, әуелі бала күндегі мектеп маңын жинауға шыққан шақ ойға оралады. Кеңестік жүйеден қалған бұл үрдіс – күні бүгінге дейін ұмытылмай келеді. Осы тұста тарихтан тағылымдатсақ...
Жұртшылыққа жаңаша серпін берген сенбілік – шежірелі өлкеде де қызу жүруде. Себеб тазалық – аудан ажарын арттырып, қоршаған ортаның көркін көрік қосатын маңызды шара. «Тазалық – денсаулық кепілі» деген ізгі ниетті басшылыққа алған аудан әкімдігі сенбіліктерді жиі ұйымдастырып тұрады. Биыл елімізде бастау алған «Таза Қазақстан» республикалық акциясы бүкіл бұқараны жұмылдырған ерекше бастамаға айналды. Қоршаған орта мен табиғатқа деген сүйіспеншілік шалғайдағы ел-жұрттың басын қосты. Сәйкесінше олар: «Құтты мекенге құрмет осылай болса керек-ті» дейді.
Сонау көгілдір көктемнің шуақты күндерінен бастау алған ауданды қоқыстан тазарту мақсатында ұйымдастырылатын сенбілік жұмыстары өз жалғасын тауып келеді. Нәтижесінде аудан орталығы кәдімгідей жаңарып қалды. Ауылдың түкпір-түкпірінде жүргізілген қызу тазалық жұмыстарынан соң, аудан орталығы айнадай жарқырады. Сенбілікке қатысып, өз аумақтарынан қоқыс-қалдықты шығарып, ағаш түптерін әктеген шиеліліктер Жер-Ананың әсемденуіне бір кісідей атсалысуда.
Әдеттегінше, жаппай тазалау жұмыстарына барлық мекеме қызметкерлері құрал-саймандарын алып, білек сы- бана кіріседі. Олар өздеріне белгіленген жерлерді күл- қоқыстан тазартып, бей-берекет тасталған заттарды шығару сияқты жұмыстар атқарылады.
Дәл осындай байыпты тірлік Еңбекші елді мекенінде де үздіксіз көрініс беруде. «Тазалық – саулық негізі» деген аталы сөзді ардақтай білген тау тұрғындары аптап ыстыққа қарамастан, тазалық жұмыстарын қолға алып, әр аптаның сенбісінде сенбілікке белсене қатысуда. Президент пәрменімен басталған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына осы аядай елді мекен тұрғындары тайлы-таяғы қалмай қатысуда.
Бұл ауылдық округте санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру жұмыстары қызу. Серпін беретін сенбілікке бюджеттік мекеме қызметкерлері, белсенді ерікті жастар мен ауыл тұрғындары жұмылған. Саябақтар мен алаңдар, көшелер мұнтаздай болды. Еңбекке жұмылған ел-жұртқа ауыл үлкендері де риза. Жалпы сенбілік жұмыстары тұрғындардың қоршаған ортаны таза ұстауына, экологиялық мәдениет қалыптастыруға және ауданның санитарлық жағдайын жақсартуға оң әсерін тигізері шүбәсіз. Осыны кейінгі жастарға өнеге еткен тұрғындар көше мен аула тазалығын күн сайын қадағалап отырудың маңыздылығын айтуда. Себебі, тазалық – жанның саулығы, ішкі мәдениеттің бастауы. Қоса кетейік, өткен сенбідегі сенбілік барысында жиналған қоқыс қалдықтары мен шабылған шөптер арнайы полигонға жеткізілген. «Көшесін көріп, азаматын таны» деген тәмсілдің мәні осындай қоғамдық шарадан айқындалғандай.

С.БАХТИЯР