Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

5-7 шілде күндері аралығында Ресей Федерациясы, Саха республикасының, Якутия қаласында белбеу күресінен VІІІ «Азия балалары» спорттық сайысы өтті. Жарысқа 26 мемлекеттен келген, жас спортшылар өзара белдесіп, кіл мықтыны сарапқа салды.

Дүбірлі додаға ел намысын қорғап барған, Шиелі ауданы No10 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің 2 оқушысы қатысып, байрақты бәсекеде бақ сынады. Тынымсыз жаттығудың арқасында қос спортшымыз ел мерейін үстем етіп, аудан абыройын асқақтатты.
40 келі салмақ дәрежесінде топқа түсіп белдескен балуан Нұрханша Нәсіпбек шаршы алаңда қарсылас шақ келтірмей, жүлделі І орынды қанжығалады. Ал 50 келі салмақта белдескен Иляс Пәтта «Азия балалары» бәсекесінде жүлделі ІІ орынды жеңіп алып, елге қуаныш сыйлады.
«Ұстазсыз шәкірт тұл» демекші, қос балуанның бабын жасап, осы жарыста жүлдеге ие болуына себепші болған Қуаныш Нұрғали, Жомарт Қажахметов, Сағыныш Жұмаханның еңбегі зор. Аталған жарысқа барып, балуандардың бәсі биік болуына себепкер болған жаттықтырушылардың төккен маңдай тері мен еткен еңбектің жоғары нәтиже беруі ұстаз үшін үлкен қуаныш, бақыт емес пе?

Мейіржан ҚАЙРАТҰЛЫ

11 шілде 2024 ж. 139 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (9272)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (9271)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (9270)

14 қаңтар 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031