Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шиелілік балуан Азия кубогінің чемпионы

Шиелілік балуан Азия кубогінің чемпионы

Жақында Ұлытау облысының Жезқазған қаласында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Халық ағарту ісінің озық қызметкері, «Еңбек Қызыл Ту» орденінің иегері Қабден Шыңғысовты еске алуға арналған қазақ күресінен 2006-2007 жылы туған жасөспірімдер арасында Азия кубогының турнирі өтті.
Аталған жарыста №10 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқушысы Мырзабек Мұстафаев 65 келі салмақта чемпион атанды. Осы мектеп оқушысы Бақдәулет Төлепов 46 келі салмақта, Қытайбек Фараби 50 келі салмақта қола жүлдегер атанып, облыс пен ауданның мерейін үстем етті.
Балуандардың бапкерлері Қайрат Жолмырзаев, Рахат Советов, Қуаныш Нұрғали спортшыларды әлі де баптап, үлкен додаларға дайындай беретінін айтты.

Дархан БАЙТІЛЕС
27 желтоқсан 2023 ж. 956 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№52 (9319)

14 шілде 2025 ж.

№51 (9318)

12 шілде 2025 ж.

№50 (9317)

09 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031