Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БАЛУАНДАР ЖЕҢІС БИІГІНЕН КӨРІНДІ

БАЛУАНДАР ЖЕҢІС БИІГІНЕН КӨРІНДІ

Кеше №1 Қызылорда облысының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде қазақ күресінен 2006-2007 жылдары туған кіші жасөспірімдер арасында облыс біріншілігі өтті.
Балуандар бәсекесінде Шиелі ауданы мен Қызылорда қаласының спортшылары жақсы қырынан көрініп, қанжығаларын жеңіспен майланды. Жарыс толықтай карантин талаптарын сақтай отырып, көрермендерсіз өткізілгеніне қарамастан балуандардың барлығы жоғарғы дәрежеде өнер көрсетті. Атап айтсақ, шиеліліктерден Диас Маратұлы 38 келі салмақта, Марғұлан Қасымбек 42 келі салмақта, Қуаныш Қазнабек 55 келі салмақта, Ерасыл Халилаев 65 келі салмақта өнер көрсетіп, жеңіс тұғырына шықты. Жарыс ұйымдастырушылар қатысушы балуандарға алғыс білдіріп, алдағы турнирлерге сәттілік тіледі. Салаға жауапты мамандардың сөзінше Республикада эпидемиологиялық ахуал қалыпты болған жағдайда спортшылар биылғы жылдың ақпан айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысатын болады.

Рамазан БЕКТҰРҒАНҰЛЫ
26 қаңтар 2021 ж. 482 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9347)

21 қазан 2025 ж.

№79 (9346)

18 қазан 2025 ж.

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031