Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұмыс беруші еңбек демалысынан шақырып алуға құқылы ма?

Жұмыс беруші еңбек демалысынан шақырып алуға құқылы ма?

Қызметкерлер жыл сайынғы еңбек демалысына және әлеуметтік демалысқа шығуға құқылы. Еңбек демалысы жұмыс істейтін азаматтардың барлығына беріледі, ал әлеуметтік демалыс тек заңда қарастырылған жағдайларда ғана ұсынылады. Демалыс беру, оны кейінге қалдыру және жұмыскерді демалыстан шақыртып алу жұмыс берушінің бұйрығымен бекітіледі. Десе де қызметкерді еңбек демалысынан кері жұмысқа шақырып алу үшін ол жазбаша түрде келісім беруі керек, деп жазады Egemen.kz.

Жұмыс беруші еңбек демалысынан шақырып алуға құқылы ма?
Фото: naryk.kz

Еңбек демалысы кезіндегі осы мәселенің тәртібі ҚР Еңбек Кодексінің 95-бабына сәйкес жүргізіледі.
Егер жұмыс беруші еңбек демалысынан кері шақыртып алған жағдайда жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігін еңбек шарты тараптарының келісімі бойынша сол жұмыс жылы ішінде немесе келесі жұмыс жылында кез келген уақытта беріледі. Сонымен қатар еңбек демалысының қалған бөлігін келесі жұмыс жылының жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына қосып алуға да болады.
Егер қызметкер қайта еңбек демалысына шыққысы келмеген жағдайда пайдаланылмаған бөлігінің күндерін өтемақымен алмастыруға болады.
Ескеретіні, жұмыс орны 18 жасқа толмаған жұмыскерді, жүктілігі туралы анықтаманы жұмыс берушіге берген жүкті әйелдерді және ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлерді жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысынан кері шақыртып алуына рұқсат етілмейді.
10 шілде 2024 ж. 109 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9244)

08 қазан 2024 ж.

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031