Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Еңбек демалысына төленетін ақшаны қалай есептейді

Еңбек демалысына төленетін ақшаны қалай есептейді



Демалыс маусымы жақындаған сайын қазақстандықтар қарбалас өмірден бір сәтке үзіліс алып, уақытын өзіне арнағысы келеді. Осы ретте Tengrinews.kz тілшісі заңгер Ерлан Ерболатұлынан еңбек демалысы қарсаңында не білу керек, оны қалай есептеу керектігі, сондай-ақ, пайдаланбаған еңбек демалысы үшін берілетін өтемақының заң бойынша қалай есептелетінін сұрап білді.
Заңгердің айтуынша, еліміздегі кез келген қызметкердің демалыс ақысын алудың алдында мынадай қарапайым шарттарды білуі керек: ай сайынғы жалақысы, бір күндік орташа ақысы қанша шығатынын және жұмысқа шыққан күндерінің саны.
"Бір күндік орташа ақыны демалыс күндерінің санына көбейтсек, демалыс ақысы шығады. Қарапайым формула. Ал бір күндік орташа ақы 12 айда алған жалақыны жұмысқа шыққан күндерге бөлу арқылы есептеп шығаруға болады. Ал бірақ егер қызметкер ол ұйымда бір жылдан аз уақыт жұмыс істеген болса, бір күндік орташа ақыны іс жүзінде өтелген жұмыс күндеріне бөледі", - деп түсіндірді заңгер.
Осы ретте заңгер 150 000 теңге жалақы алатын қазақстандықты мысалға алып, демалыс ақысын есептеп берді. "Қызметкер жұмысқа 2018 жылдың 24 сәуірінде жұмысқа қабылданды делік, жалақысы - 150 000 теңге. Жұмыс кестесі - бес күндік, жалпы алғанда - 40 сағат. 24 күнге созылған жыл сайынғы демалыс ақысы оған 2019 жылдың 25 сәуірінен бастап қана беріледі. Себебі қызметкер бір жылдық қызметін өтеп болды. Енді бір күндік орташа ақысын есептеуіміз керек: 150 000*12 = 1 800 000 (2018 жылдың сәуірінен 2019 жылдың сәуір аралығында аударылған жалақы) Осы мерзімдегі жиынтық сома: 1 800 000 теңге Осы уақыт аралығында өтелген жұмыс күндерінің саны: 244 күн Бір күндік орташа ақы: 7377, 05 теңге Еңбек демалысы кезіндегі нақты жұмыс күндерінің саны: 14 Сонда демалыс ақысы: 7377, 05 теңге * 14 күн = 103 278,7 теңге Ол сомадан шегеріледі: міндеттелген зейнетақы жарнасы: 10 327,87 теңге Ол сомадан шегеріледі: жеке табыс салығы: 6 466,68 теңге Осылайша қызметкер бас-аяғы 86 484,15 теңге алады. Заңгер демалыс ақысы еңбек демалысына шығу алдында үш күнде берілуі тиіс екенін еске салады. Қай жағдайларда демалыс ақысы аз болуы мүмкін - қызметкер еңбекке жарамсыздық парағы бойынша жұмыста болмаса; - декретте болса; - жұмыс бабымен іссапарда болса; - компания бір жыл ішінде ешқандай сыйақы бермесе; - демалысқа шығатын айда мереке күндері көп болған жағдайда. Пайдаланбаған күндердің өтемақысы Маманның айтуынша, еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін берілетін өтемақыны да ескеру қажет.
"ҚР Еңбек кодексінің 96-бабының 2-бөлігіне ("Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы құқығын іске асыру және еңбек шарты тоқтатылған кезде өтемақы төлеу") сәйкес, қызметкер жыл сайынғы еңбек демалысының пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған болса, оның пайдаланылмаған күндері үшін міндетті түрде өтемақы талап етуге құқығы бар. Ол өтемақыны алу үшін бір күндік орташа жалақыны жұмыс күндерінің санына көбейту керек. Еңбек кодексінің 88-бабына сәйкес, еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілерінде көбірек күн саны көзделмесе, жұмыскерлерге ұзақтығы күнтізбелік 24 күн болатын жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы беріледі", - дейді Ерлан Ерболатұлы.
Еңбек демалысын ең кемі қанша уақытқа алуға болады? Сондай-ақ, заңгер осы кодекстің 92-бабының 1-бөлігіне сүйене отырып, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша бөліктерге бөлінуі мүмкін екенін айтып өтті. Бірақ, оның айтуынша, заң бойынша жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының бір бөлігі жұмыскердің еңбек шартында көзделген демалысының күнтізбелік екі аптасынан кем болмауға тиіс. Бұдан бөлек, ол жыл сайынғы стандарт еңбек демалысынан басқа қызметкер алуға құқылы демалыс түрлеріне тоқталды.
"Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының өзі төленетін еңбек демалысы мен әлеуметтік демалыс деп екіге бөлінеді. Екінші демалыс түрін көбіне денсаулық жағдайына байланысты алып жатады. Бірақ ол кезде қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақталады", - дейді заңгер.
Жалақы сақталмайтын демалыс түрлері Еңбек кодексіне сүйенсек, әлеуметтік демалыстың өзі бірнеше түрге бөлінеді екен. "Жалақы сақталмайтын демалыс. Мұнда басшылық қызметкерге күнтізбелік бес күнге дейін жалақы сақталмайтын демалыс беруге міндетті. Мысалы, неке тіркелгенде, бала дүниеге келгенде және қызметкердің жақын туысы қайтыс болғанда қызметкер заң бойынша бес күн жұмыстан босатылады. Екінші демалыс түрі - оқу демалысы. Жұмыс беруші "Болашақ" халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелге оқуға, тағылымдамаға жіберілген жұмыскерлерге жұмыс орнын (лауазымын) сақтай отырып, оқу демалысын береді. Сондай-ақ, жүктілікке және бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты демалыстар, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс түрі бар", - дейді заңгер.
Ол бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс аяқталғанға дейін жұмысқа шыққан жағдайда жұмыс берушіге жұмысқа шығатыны жайлы жұмыс басталғанға дейін бір ай бұрын ескертуге міндетті екенін айтады.
tengrinews.kz
26 сәуір 2019 ж. 202 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№37( 8688)

18 мамыр 2019 ж.

№36 (8687)

14 мамыр 2019 ж.

№35 (8686)

08 мамыр 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам