Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Еңбек демалысына қатысты не білу керек?

Еңбек демалысына қатысты не білу керек?

Жақсы демалыс - нәтижелі жұмыс кепілі. Әр қызметкердің жұмыс істеп жүрген жерінде жылына ақылы еңбек демалысына шығуға толықтай құқығы бар. Ал еңбек демалысы қалай есептеледі? Еңбек демалысына шықпаған жағдайда міндетті түрде өтемақы жасау керек пе? Stan.kz тілшісі білікті бухгалтер Жанар Бауыржанқызынан сұрап көрді.  

Еңбек дамалысы деп жұмысшының белгілі бір кезеңде қызметі мен орта айлық жалақысын сақтай отырып жыл сайын бір рет шығатын айлық демалысын айтады. 
Жыл сайынғы негізгі төленетін еңбек демалысының мезгілі
Негізгі жыл сайынғы төленетін еңбек демалысы ҚР-ның нормативтік құқықтық актілермен, еңбек, ұжымдық келісімшарттар мен жұмыс берушінің актілерінде қосымша күн қарастырылмаса, 24 күнтізбелік күнге беріледі.
Жыл сайынғы төленетін еңбек демалысы қалай саналады?
Жыл сайынғы еңбек демалыстарының ұзақтылығы мерекелерсіз күнтізбелік күндерімен ауысу графиктері мен қолданылатын жұмыс тәртіптеріне қарамастан есептеледі.
Жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстарының негізгі ұзақтылығы есептелгенде, қосымша жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстары негізгі жыл сайынғы ақылы еңбек демалысымен қоса алынады.
Жыл сайынғы еңбек демалысын берілу кезіндегі еңбек өтілімінің есептелуі.
Еңбек өтіліміне мыналар кіреді:
- нақты еңбек тәжірибе мерзімі;
- жұмыскердің шын мәнісінде жұмыс істелген уақыты, бірақ оның жұмыс орны (лауазымы) әрі төлемақысы толық немесе жартылай сақталған;
- уақытша жарамсыздығы бойынша жұмыс істемеген жұмыскер, оның ішінде бала туу әрі жүктілік бойынша еңбек демалысында;
- жұмыс орнында жаңартудың алдында жұмыскер шын мәнінде жұмыс істемеген уақыты.
Жыл сайынғы төленетін еңбек демалыстарын ұсыну тәртібі және кезеңін анықтау
Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы жұмыскерге бірінші әрі кейінгі жұмыс жылдары үшін екі жақтың келісімі бойынша төленеді. Жұмыс жылы жұмыскердің бірінші күнінен бастап 12 күнтізбелік күндерін құрайды.
Жұмыс беруші мен жұмыскердің арасындағы келісімі бойынша жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы бөліктерге бөлінуі мүмкін. Сонымен бірге, жыл сайынғы еңбек демалысының бір бөлігі, жұмысшының еңбек шартындағы екі күнтізбелік апталардан созылу қажет.
Жыл сайынғы еңбек демалысының ақысы оның басталуынан үш күннен аспай төленеді. 
Еңбек демалысының берілуі, ауысуы немесе жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан қайтарып алынуы жұмыс берушінің хаттамасы арқылы жинақталады.
Жыл сайынғы берілетін ақылы еңбек демалыстар берілуінің кезектілігі
Жұмысшылардың көзқарастарын есепке ала отырып жұмыс берушінің бекіткен еңбек, ұжымдық, демалыс кестесімен анықталады.
Өндірістік қажеттілікке байланысты еңбек демалысының кестесі өзгеретін болса, жұмыс беруші еңбек демалысына екі апта қалғанда алдын ала хабарлауы тиіс.
Жыл сайынғы төленетін еңбек демалысынан кері шақыру
Жыл сайынғы төленетін еңбек демалысы жұмыс беруші арқылы жұмысшының жазбаша келісімімен үзілуі мүмкін.
Пайдаланылмаған жыл сайынғы төленетін еңбек демалысының бөлігі екі жақпен келісілген еңбек келісім-шарты бойынша ағымдағы жылдың немесе келесі жылдың кез келген уақытында беріледі немесе келесі еңбек демалысына қосылады.
Жыл сайынғы төленетін еңбек демалысынан кері қайтару кезінде жұмысшы мен жұмыс берушінің арасында келісім жасалып, еңбек демалысының пайдаланылмаған күндеріне өтемақы төленуі мүмкін.
Он сегіз жасқа толмаған, жүкті әйелдер мен зиянды және қауіпті (аса қауіпті) жұмыстарды атқаратын жұмысшыларды жыл сайынғы төленетін еңбек демалысынан шақыруға жол берілмейді.
Еңбек демалысына қатысты білу керек маңызды ақпарат
Еңбек демалысы 24 күнтізбелік күнді құрайды. Бірінші еңбек демалысыңыз екі аптадан аспауы керек. Сондай-ақ І және ІІ топтағы мүгедектердің еңбек демалысы басқаларға қарағанда 6 күнге созылады. Демек, артық демалады. Тағы бір айта кететін жайт, мүгедектерге, жұмысы ауыр қызметкерлерге және ардагерлерге қосымша ақы төленеді. Еңбек демалысы төлемақысы үш күннен аспай төленуі керек. Есептеуге келсек, қызметкердің бір жылдық жалақысын алып, оны 12 айға бөлеміз, сонда орташа табыс төлемақысы шығады. Оны демалыс күндеріне көбейтеміз. Шыққан сомма еңбек демалысы төлемақысы болады. 
Еңбек демалысына шықпаған жағдайда өтемақы төлеу керек пе деп сұрап жатады. Өтемақы қызметкер жұмыстан кететін болса ғана төленеді. Негізі міндетті түрде еңбек демалысына шығуыңыз керек.

stan.kz
04 наурыз 2021 ж. 585 0