ЖАСЫЛ ЖЕЛЕККЕ АЙНАЛҒАН ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫ

Жастар орталығының жасыл желекке айналуына қолы қалт етсе гүл егу, түрлі ағаш көшетін отырғызу, оны суарып, бабын жасаумен айналысатын, су саласының үздігі Сейітов Әлияр ақсақалдың орыны ерекше. Себебі, 2023 жылдың ақпан айының соңында Әлияр ақсақалды жастар орталығына арнайы шақырып, мекеменің айналасын қалай көгалдандырудың тәсілдерін үйретуіне қолқа салдық. Әлияр ақсақал ағаш егуді, оны күтіп баптаудың түрлі айла тәсілдерін үйретті. Жыл бойы мекемеге келіп, ағаштардың қалай өсіп тұрғанын бақылап, ақыл кеңесін айтып отырды.
Бүгінгі таңда Көкшоқы мөлтек ауданы, Ә.Палымбетов көшесінің бойында орналасқан Жастар орталығының ауласында 480 түп ағаш, 10-нан астам гүлдің түрі өсіп тұр.