Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ШИЕЛІ АУДАНДЫҚ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ II ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ШИЕЛІ АУДАНДЫҚ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ II ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

12 маусым күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында Шиелі аудандық ҚХА Ақсақалдар кеңесінің кезекті отырысы өткізілді.
Кеңес отырысын аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Исабек Байкенжеев ашып беріп, жүргізді.
Жылдық жоспарға сәйкес кеңес отырысында 1 (бір) маңызды мәселе қаралды:
1) Ауданның құрылыс саласындағы атқарылған жұмыстар және алдағы мақсаттары туралы -
Шиелі ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы АМАН Дана Смаханұлы хабарлама жасады.
Хабарлама жасаушыға кеңес мүшелері өзекті деген – Қарғалы ауылына баратын дарияның үстінен салынатын көпір құрылысы туралы, 9 этаждың жай-күйі, қай мектептерде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі, клубтар құрылысы, 900 орындық «Жайлы мектеп» құрылысы қашан басталады, алдағы уақытта құрылыс саласындағы жобалар бар ма?, электр желілерін жаңғырту жөнінде сұрақтар қойылып, тиісті бөлім басшысы нақты әрі жан-жақты жауаптарын берді.
Сонымен қатар, жиынға қатысушылар тарапынан қаңғыбас иттерден халықты қорғау жолдары және Конго-Қырым безгегі кенеден қорғану туралы да ұсыныс-пікірлер айтылды.
Кеңес отырысына аудандық Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы К.Есенбаев және бөлім әдіскері Г.Сейтова, аудандық «Өскен өңір» газетінің бас редакторы Н.Пірімбет, облыстық "Қоғамдық келісім" КММ-нің Шиелі аудандық этносаралық сарапшысы Б. Өтебаев, жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
Жиынды кеңес төрағасы Исабек Сәрсенбайұлы қорытындылап, ауданның құрылыс саласында атқарылған жұмыстар жөнінде тыңғылықты дайындалып, слайдтың көмегі арқылы ауқымды атқарылып жатқан жұмыстарды баяндаған Дана Смаханұлына ризашылығын білдіріп, жұмысына сәттілік тіледі.
Барлық кеңес мүшелері кеңесте айтылған өзекті мәселелер нәтижелі, жүйелі жұмыстар жүргізілу керектігі жөніндегі өз пікірлерін білдіре отырып, жақсы көңіл күйде тарқасты.
Кеңес отырысы нәтижесінде хаттама рәсімделіп, тиісті мемлекеттік органға мерзімінде орындау үшін ұсыныстар жолданатын болады.
13 маусым 2024 ж. 185 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031