41 ЖЫЛ ТӘЖІРИБЕМЕН ШЫҢДАЛҒАН

Жұқпалы ауруларды бақылау мейірбикесінің негізгі міндеттері де бар. Оны медбике былай деп түсіндірді.
– ЕПМ-нің эпидемиолог дәрігері тағайындайтын профилактикалық іс-шараларды орындауды жүзеге асырып, стационардың барлық функционалдық бөлімшелерінен күнделікті ақпарат алады. Сонымен қатар жұқпалы аурулар түскен жағдайда белгіленген тәртіппен аумақтық тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасына шұғыл хабарлама жіберілуін қадағалайды. Иммундық-биологиялық препараттарды жеткізу шарттарын және сақтауды, уақытылы және сапалы профилактикалық егу жүргізуді бақылауды қарастырамыз, – деді.
Ісіне берік, жұмысына тиянақты маманға әріптестері ерекше құрметпен қарайды. Жалпы еңбек өтілі – 41 жыл. Келесі жылы зейнетке шығады. Дегенмен, «осы салаға келетін мамандарға үйретерім көп» дейді. Оның айтуынша, мейірбике ісі – денсаулық сақтау жүйесінің бөлінбес бөлшегі.
Айнұр ИБРАШЕВА