«КЕЗЕКШІ ПРОКУРОР» ИНСТИТУТЫ ЖАНДАНЫП КЕЛЕДІ

-Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, мекемелерді жаппай бейнебақылаумен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде, осы байланыс құралдары арқылы қашықтан мәлімет алуға қол жеткізу оңтайландырылды. Бұл өз кезегінде жазбаны көру мүмкіндігін 3 айға дейін сақтауға мүмкіндік берді. Осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, екі мекеме үздіксіз бейнебақылаумен қамтылып, қауіпті аймақтар толығымен жойылды. Сондай-ақ «Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің» Қызылорда облысы бойынша өкілімен жасырын түрде қинау деректеріне қатысты мағлұматтар алынды. Деректерге сүйенсек, түзеу мекемелерінде тәртіпсіздікке жол беру оқиғалары орын алмаған. Сондай-ақ, құзырлы органдар тарапынан рұқсат етілмеген шаралар туралы әрбір өтініш бойынша прокурор оқиға орнына дереу барып, сотталғандарды жеке қабылдап, түсіндірме алуда, - деді Махмут Ахтанұлы.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі