Қант диабеті қандай дерт?
Қазақстанда 400 мыңнан астам азамат қант диабеті дертіне шалдыққан, науқастар саны жыл сайын орта есеппен 20 мыңға көбейіп келеді. Басты себебі – физикалық белсенділіктің аздығы, дұрыс тамақтанбау, семіздік және күйзеліс. Оның үстіне, әрбір екінші адам ауруға шалдыққанын білмейді. Көбісі аурудың белгілеріне назар аудармайды.
Аурудың белгілері:
Шөлдеу және ауыздың құрғауы. Күніне 3-5 литрға дейін сұйықтық ішу.
Тәбет жақсы бола тұра салмақтың күрт азаюы.
Зәр шығарудың жиілеуі және көп болуы.
Ашушаңдық, үнемі шаршау, әлсіздік және ұйқышылдық.
Аяқ-қолдың ұюы, саусақтардың шаншуы.
Кенеттен жүрек айну және құсу.
Жараның нашар жазылуы.
Терінің қышуы.
Көру қабілетінің нашарлауы.
Егер адам күдіктеніп немесе тұқым қуалайтын бейімділікке байланысты қант диабетін тексеруді шешсе, ол медициналық мекемедегі өзінің терапевтіне жүгінуі керек. Дәрігер тексеру өткізіп, пациенттің сынақтары қанағаттанарлықсыз болса, оны эндокринологқа жібереді, нақты диагнозды сол анықтайды.
Қалай қант диабетінің алдын алуға болды?
Қант диабетінің даму себептері
Қант диабеті ауруының бірнеше себебі бар. Бұл тұқым қуалайтын бейімділік, семіздіктен туындаған метаболикалық бұзылулар және физикалық белсенділіктің жетіспеуі. Бұл сондай-ақ қызамық, шешек немесе тіпті, тұмау сияқты вирустарды қоздыратын жұқпалы аурулар және ұйқы безінің аурулары болуы мүмкін.
Егер сіздің қаны бір туыстарыңыз онымен ауырса, бұл дерт сізде де дамуы мүмкін",
Қант диабетінің алдын алу және дұрыс тамақтану
Бірінші байлықденсаулық . Дені саудың жаны сау . Ауырып ем іздегенше – ауырмайтын жол іздеген абзал .
Ұ.Маханова
ФАБ Байсын фельдшері