Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар қант диабетіне көптеп шалдығып жатыр

Қазақстандықтар қант диабетіне көптеп шалдығып жатыр


фото: Halyq Uni

400 мыңнан аса отандасымыз бірінші және екінші типтегі қант диабетімен ауырады, деп хабарлады «Хабар 24» телеарнасы.

Жыл сайын науқастардың саны шамамен 20-30 мың адамға көбейіп жатыр. Бұл туралы Дүниежүзілік қант диабетіне қарсы күрес күніне арналған Ұлттық конференцияда айтылды.

Сарапшылардың пікірінше, науқастардың саны жылдам өсіп жатыр. Сол үшін дерттің алдын алуға жұмылу керек. Сонымен қатар сусамыр дерті туралы ақпараттандыруды қолға алып, алдын алу амалдарын іске асыру маңызды. Өйткені науқастардың басым бөлігі ауруға шалдыққанын байқамай қалып жатады дейді дәрігерлер.

Қазір Денсаулық сақтау министрлігі студент және жүкті науқастарды дәрімен қамтамасыз ету мәселесін пысықтап жатыр.

Бүгінде жүкті әйелдер мен күндізгі бөлімде оқитын студент науқастардың санын есептеп жатырмыз. Бұл санатта шамамен 400 адам бар. Себебі қант диабетімен ауыратын науқастардың біразы 18 жасқа толмаған. Олардың саны – 6 мың. Оның үстіне бәрі бірдей күндізгі бөлімде оқымайды, - дейді ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті басқармасының басшысы Гүлнәр Мақсұтова.
10 қараша 2023 ж. 156 0