Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Танымал журналист Ғаділбек Шалахметов дүниеден өтті

Танымал журналист Ғаділбек Шалахметов дүниеден өтті

Мемлекет және қоғам қайраткері, журналист Ғаділбек Шалахметов 81 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Мемлекет және қоғам қайраткері, телевизия саласының майталманы Ғаділбек Шалахметовтің өмірден өткені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Марқұмның отбасына, жақындарына және әріптестеріне шын жүректен көңіл айтамын. Ғаділбек Мінәжұлының жарқын бейнесі, кәсіби шеберлігі мен БАҚ саласындағы жарқын жетістіктері отандық журналистика тарихында өшпес із қалдырары сөзсіз. Марқұмның жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын!», делінген жазбада.

Ғаділбек Мінәжұлы БАҚ саласындағы еңбек жолын Алматы телестудиясында бастап, Қазақ теледидары бағдарламаларының редакторы, бас редакторы, Қазақ ССР Телевизия мен радио хабарлары жөнiндегi Мемкомитетiнiң төрағасы қызметтерін атқарды.

1991 жылы Президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалып, Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрiнiң бiрiншi орынбасары – Қазақ ССР Телевизия мен радиохабарлары жөнiндегi Мемкомите­тiнiң төрағасы болып жемісті еңбек етті. Майталман маман мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының негізін қалап, БАҚ саласының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты. Компанияның құрылуы отандық телевидениенің дамуына жасалған стратегиялық маңызды қадам болды.
04 сәуір 2024 ж. 131 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№48 (9212)

18 маусым 2024 ж.

№47 (9211)

17 маусым 2024 ж.

№46 (9210)

11 маусым 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930