Сұлтан Оразалин өмірден өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілі журналист, жазушы, теледраматург, қоғам қайраткері, Қазақ телевизиясының құрметті ардагері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық телевизия және радио академиясының академигі, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының және Қазақстан Президентінің журналистика саласындағы сыйлығының иегері Сұлтан Оразалин өмірден өтті.
Бұл туралы журналист, оқытушы Кенже Жұмағұлов хабарлады.Алыптардың тұяғы, Еліне өлшеусіз қызмет атқарған Сұлтан ағамыз да өмірден өтіпті. Қашан да әділдікті Ту етіп ұстаған, Қазақтың барына қуанып, жоғына жоқтаушы болып жүретін еді. Ел тарихына өз еңбектерімен өлшеусіз із қалдырған, халқын жанындай жақсы көретін Абыз жан еді Сұлтан аға!!! Бабалары аңсаған Тәуелсіздік алған Қазақ елінің тілі мен діліне, мәдениеті мен әдебиетіне қорғаушы болып, мемлекеттік денгейде небір үлкен қызметтер атқарған мемлекетшіл, Абай атам армандаған "Толық адам" болатын жан дүниесімен. Мәңгілік тұратын жеріне аттанған Сұлтан аға, иманы саламат болып, қазаның қалғандарға тек қайырын берсін дейміз!!! - деп жазды журналист өз парақшасында.Сұлтан Шәріпұлы 1941 жылы 30 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей облысы) Аягөз қаласында дүниеге келген.1964 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (бұрынғы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің) филология факултетін үздік бітіріген.
1969 жылы Қазақ радиосы мен телевидениесінде редактор, аға редактор, бас редактор қызметін атқарды. Қазақстандағы көркем телевизияның негізін салушылардың бірі. Қазақ телевизиясының әдебидрамалық программалар бас редакциясын тұңғыш рет ұйымдастырып, он бес жылдан астам басқарды. Осы жылдарда оның қаламынан жүздеген әдеби телесценарийлер мен телепьесалар туы, көгілдір кранда қойылды. Олардың ішінде "Сұхбат", "Қымызхана", "Кездесу", "Шұғыла", "Айтыс", "Халық қазынасы" т.б. хабарлар циклы мен "Кек", "Отырар ойраны", "Өлім фабрикасы", "Қашқын" т.б. телеқойылымдары халыққа кеңінен танылды. Ш. Айтматов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин, І. Есенберлин, Т. Ахтанов, С. Беғалин т.б. туралы "Сұхбат" сериясынан көрсетілген бейнефильмдері қазақ телевидениясының алтың қорына қосылған үздік шығармалар болып табылады. Бүл күнде кеңінен танымал "Айтыс" хабарын ол тұңғыш рет ұйымдастырып, көп жылдық бағдарламасын жасады, алғашқы хабарды өзі эфирде жүргізді. С.Оразалы ауыз әдебиеті жанрларын, оның ішінде айтыс, терме, жыраулық өнер т.б. кайта жаңғыртып, когілдір экранда насихатталуына зор үлес косты.
Жазушы 1984–1986 жылдары Қазақстан Орталық партия комитетінің мәдениет бөлімінде нұсқаушы, көркем әдебиет секторының меңгерушісі болды,
1986–1993 жылдары Республикалық "өнер" баспасын басқарды.
1993–1995 жылы ҚазақстанРеспубликасы Тіл комитетінің төрағасы,
1997–1998 жылы Білімжәне мәдениет министрлігінің Тіл саясатын үйлестіру департаментінің директоры,
2000–2001 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Авторлық құқықтар жөніндегі комитетінің төрағасы,
2001 жылдан бері Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитет төрағасының бірінші орынбасары.
2001 жылдың соңынан 2005 жылдың қаңтарына дейін Әділет министрлігінің құқыктық насихат, мемлекеттік тілді дамыту және жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры қызметін атқарды. Бүл күнде құқыктық әдебиеттер шығаратын, бейнефильмдер жасайтын, дәрістер оқуды ұйымдастыратын Әділет министрлігінің жанындағы "Заң — насихат" ЖШС-ның бас директоры.
Ол — Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік саясат жоніндегі Ұлттық кеңестің (1993–1998 ж), Қазақстан халықтары Ассамблеясы Кеңесінің (1994–1998 ж), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығын беру жоніндегі Мемлекеттік комиссияның (1986–1998 ж) мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы болып сайланды. Бес министрліктің алқа мүшесі болды. Қазақстанның онамастикалық, терминологиялық комиссияларының жұмысын басқаруға белсене қатынасып (1993–2005 ж), көптеген жер атауларының тарихи калпына келуіне зор улес косты. Ондаған монографиялық еңбектердің авторы.
- 1974 жылы Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты;
- 1981 жылы «Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген мәдениет қызыметкері» құрметті атағы берілді.
- 1981 жылы КСРОның Телевизиясы мен Радио ісінің Үздігі (құрметті атағы);
- 1991 жылы КСРОның Баспасөз ісінің Үздігі (құрметті атағы);
- 1995 жылы Абай атындағы Халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты;
- 2001 жылы президенттің жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.
- 2001 жылы Қазақстан Президентінің жеке «Алтын Барыс» айрықша белгідегі алтын жұлдызының иегері.
- 2006 жылы «Парасат ордені» мен марапатталды;
- Қазақстан Президентінің журналистика саласындағы сыйлығының иегері;
- ҚР Әділет министрлігінің «Фемидаға адал қызыметі үшін» медалі;
- Халықаралық Телевизия және Радио академиясының академигі;
- 2011 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» мемлекеттік медалі;
- 2012 жылы Қазақ телевизия саласындағы ерен еңбектері үшін ҚР Жоғарғы мемлекеттік марапаты ІІІ дәрежедегі «Барыс ордені» мен елбасы Нұрсұлтан Әбішұлынің өзі марапаттады (Астана, Ақорда 2012 жылы желтоқсан айында);
- Сұлтан Оразалы бірнеше Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының құрметті профессоры.
- Қазақстан Республикасының Ақпарат және Мәдениет саласының Үздігі. https://baq.kz