РАМАЗАН – РУХАНИ ТӘРБИЕ АЙЫ
Рамазан – адам нәпсісін тыйып, рухани өсуге, өз бойындағы жаман әдеттерден арылып, көркем мінезін тәрбиелеп қалыптастыруға мүмкіндік беретін уақыт.
Хадис шәрифте: «Қаншама ораза тұтқан адамдар бар, олар ашығу мен шөлдеуден басқа ешнәрсе ала алмайды» деп айтылған. Сондықтан ораза тұтқан кезде дініміздің басқа бұйрықтарына да мән беруіміз керек. Мәселен көзді пайдасыз нәрселерге, харамға қараудан, жүректі жақсы нәрселерден тыйатын жағдайлардан, ал тілді жалған, өсек, арандатушы сөздерден сақтау қажет. Бұл тыйымдардың мақсаты —дұрыс адам болу. «Толық мұ¬сылман болмай толық адам болмайсың» деген Абай да «Қаймағы бұзылмаған қайран дінім, Қаймағың быт-шыт болды қайдан бүгін?! Құбылаға бет алып қол қусырып, Сәждеге бас қоятын қайда күнім?» деген Мұқағали да діни парыздарға бет бұрып, тыйымдардан тыйылмайынша дұрыс адам болмайсың дегенге меңзегендей.
Хадис шәрифте: «Қаншама ораза тұтқан адамдар бар, олар ашығу мен шөлдеуден басқа ешнәрсе ала алмайды» деп айтылған. Сондықтан ораза тұтқан кезде дініміздің басқа бұйрықтарына да мән беруіміз керек. Мәселен көзді пайдасыз нәрселерге, харамға қараудан, жүректі жақсы нәрселерден тыйатын жағдайлардан, ал тілді жалған, өсек, арандатушы сөздерден сақтау қажет. Бұл тыйымдардың мақсаты —дұрыс адам болу. «Толық мұ¬сылман болмай толық адам болмайсың» деген Абай да «Қаймағы бұзылмаған қайран дінім, Қаймағың быт-шыт болды қайдан бүгін?! Құбылаға бет алып қол қусырып, Сәждеге бас қоятын қайда күнім?» деген Мұқағали да діни парыздарға бет бұрып, тыйымдардан тыйылмайынша дұрыс адам болмайсың дегенге меңзегендей.
Жалпы ислам дінінде ғибадат 3 ке бөлінеді. Алғашқысы – денемен жасалатын, екіншісі – мал-мүлікпен, үшіншісі – денемен де, мал-мүлікпен де жасалатын құлшылық. Ораза ұстау – денемен жасалатын құлшылық түріне жатады.
Қасиетті Құранда: «Ораза – барлық жамандықтардың қалқаны. Ораза тұтқан адам надандыққа салынып, жаман сөз айтпасын. Егер біреу онымен ұрысса, «мен оразамын» деп жауап берсін» делінген.
Оразаның дүниедегі пайдаларының бірі адамдарға аштық пен сусыздықтың не екенін үйрету болса керек. Қарны тоқ адам ешқашан аш адамның халін түсіне алмайды және оған мейрімділік танытпайды. Сонымен қатар аузы берік адам ысыраптан бойын аулақ ұстап, көп нәрсенің қадірін түсіне бастайды.
Рмазан – нәпсіге ие болуды да үйретеді. Пайғамбарымыз Мұхаммед с.а.с : «Бір адам рамазан айында ораза ұстауды парыз деп біліп, міндет деп біліп және оразаның сауабын Алла Тағаладан күтсе, өткен күнәлары кешіріледі.»— деген.
Ең бастысы ораза тұту денсаулыққа зиян емес, керісінше өте пайдалы. Өйткені Алла Тағала құлына зиянды нәрсе әмір етпейді. Айналадағы адамдардан "Саған оразаның не керегі бар, өзің ап-арық болып алып?" немесе "Ораза ұстайтындай күнәң көп па еді?" деген сынды қате ойлайтындарды жиі кездестіруге болады. Пайғамбарымыз «Ораза тұтыңдар, денсаулыққа қауышыңдар» деп бұйырған. Сондықтан Рамазанда ауыз бекітудің денсаулыққа пайдасы болмаса, зияны жоқ.
Қазақта оразаға, исламдағы өзге де парыздарға қатысты мұндай кертартпа ой қашан пайда болды?
Кеңес өкіметінің жетпіс жылдық шырмауында болған қазақ халқы басқа да түркі мұсылман халықтары сияқты асыл дінінен алыстай бастады. Ресей өкіметінің де басты мақсаты отарланған елді байлығынан, діні мен ділінен, дәстүрінен, тілінен, мәдениетін жұрдай ету еді. Әйтпесе, өздерінің кім екендігін жадынан шығармайтын жұрт түптің түбінде тәуелсіздік жолында аянбай күресері хақ. Сол сияқты қазақ халқы да отарланған ел ретінде талай зобалаңды бастан өткерді. Алдымен дінін насихаттауына қатаң түрде тыйым салынды. Сол кезде өмір сүрген ата-әжелерімізден намазды тығылып оқығанын, Құран кітапты кісі көзіне көрсетпей сақтағанын естиміз. Кеңестік идеология қазақты діннен тыйған соң бірте-бірте тілін де шеттете берді. Сөйтіп, өзінің діні мен тілінен бейхабар, өзгенің сойылын соғуға әрдайым дайын тұратын мәңгүрттер тобы пайда бола бастады. Сондай алмағайып заманда діннен «ата-бабамыз мұсылман болған» деген ұғым мен кейбір кәлима-сөздер ғана қалды. Кеңес билігі діни ұғымдар мен терминдердің барлығын адыра қалған архаизмдерге айналдыруға тырысып, олардың ескішілдік белгісі деп түсіндірді.
Десе де Алланың қалауымен, Алаш қайраткерлері, желтоқсаншылар мен азаттық үшін күрескен қайсар халықтың арқасында қазақ дербестікке қол жеткізді. Егемен ел болғанымызға отыз жылдан асты. Қазір кеуіп кеткен арналарға енді су келіп жатқандай күн кешудеміз. Бұған да шүкір. Бұл уақыт қазақ ұлтының қайта түлеу кезеңі десек болады. Енді сақталып қалған салт-дәстүр, әдет-ғұрып, салт-сананы қайта жаңғырту негізінде ғана қайтадан толыққанды ұлт болып қалыптаса аламыз. Ол үшін қоғам болып жұмылуымыз қажет. Жоғарыдағыдай тек оразаға ғана қатысты емес, жалпы ислам діні жайлы қате пікір, жағымсыз түсініктен халқымызды ада ету жолында ұлт болып ұйысуымыз қажет.
"Уықты басқұр сақтайды, ұлтты дәстүр сақтайды" — дегендей, ата-бабамыздан бері жалғасып келе жатқан дәстүрлі дініміз бен әдет-ғұрпымызды қадірлеп, құрметтей білуіміз керек.
Жарапазан жыры
Кезінде ата-бабаларымыз ислам дініндегі парыздарды халыққа түсінікті жеткізу үшін халықтық поэзияны пайдаланған. Мұсылман баласына жылына отыз күн ораза тұту, күніне бес рет намаз оқу, сондай-ақ жоқ-жетімге қайыр-садақа беру секілді парыздарды ұғындыру үшін өлең түрінде жеткізу қолайлы көрінген. Мұның бір дәлелі – жарапазан. Қазақтың халық ауыз әдебиетінің тарихи тамырына көз жіберіп қарасақ, жарапазан – дін салты мен ұғымынан туған жыр. Біздің қазақ сауықшыл, өлең-жырдың әр сөзіне ден қойғыш халық емес пе? Ал жарапазан осындай қоғамдық жағдайлардан соң туған өлең. Осылайша дін қағидалары ел арасына халық поэзиясының үлгілері бойынша тарап кетті. Бүгінде көпшілік жарапазанды жарыса айтпаса да ел арасында ұмыт қалмады. Өнерпаздар мен ауылдың қара домалақ балалары әлі күнге дейін жарапазан айтып, дәстүрден айнымай келеді. «Жарапазан жыры» – елімізге асыл дініміз Ислам арқылы келіп, бүкіл ұлысқа кеңінен таралып, берік орныққаннан кейін тұрмыс-салт жырларының қатарынан көрініс тапқан діни-фольклорлық мұра. Ал мұраны сақтау әрбіріміздің міндетіміз.
Ахмет Байтұрсынұлы «Қазіргі заман – өткен заманның баласы, болашақ заманның атасы», – дейді. Діннен тамыр жайған дәстүрімізге берік, иманымызды өзімізге серік ету арқылы ғана біз өзіміздің тарих сахнасынан орын алған тәуелсіз ел екенімізді дүйім жұртқа дәлелдегеніміз болар еді. Осындай асыл құндылықтарымызды дұрыс сақтай алсақ қана елдігімізді сақтай аламыз. Дін – дәстүрдің таразысы. «Саясат күнде өзгереді, ал дін – мәңгілік» деп тұңғын Президен айтып өткендей, қанша ғасыр өтіп, қаншама қоғамдық формациялар өзгерсе де, діни құндылықтар сол күйі қалады да, ұрпақтан-ұрпаққа өзгеріссіз ауысып отырады.
Гүлхан ЯХИЯ