Менің алғашқы оразам
Анам айтқан: Рамазан ең қасиетті ай. Онда отыз күн ауыз бекітіп, бойдағы барлық зиянды заттардан арыламыз. Алланың адам баласына қателігін түсініп, күнәларынан тазаруға жасаған бір мүмкіндігі бұл. Тек денсаулығы жарамайтын, мүгедек жандар мен жүкті немесе емізулі әйелдер ғана ауыз бекітпейді. Ал, қалғанымызға ауыз бекіту парыз. Міне, осы әңгімеден соң, алғашқы оразама ниет етіп, ауыз бекітуге бел байладым. Бой түзеп, бұрымымның ұшына ақ бантик байлаған 11-сынып оқушысымын. Нақтырақ айтар болсам, 2011 жыл. Айтқан ақылды бойға сіңіріп, таңғы уақытта сәресін ішуге анаммен бірге ояндым. Оның әрбір ісін айна қатесіз қайталап, жуынып, ауқаттануға кірістік. Шүкірлік айтып, қолда барға қанағат, тәуба деп жылы жұмсағын маған беріп әлек. Алғашқы ораза оңайға түспес. Ұйқыңды ашып, ішіп-жеп ал. Қарным ашты деп арызданбауға тырыс. Ойыңды пайдалы істерге бұр. Бұл – аналық махаббат пен мейірім екі дүниеде де нұрлы жол ашарын ол кезде білмеппін де. Алғашқы күн анашымның айтқанындай болды. Түс ауа аштықтан әлсіреп, ернім кезеріп, басым айнала бастады. Оразамын деп күйбең тірліктен қашып, көлеңкені паналап жүрмін. Ол ісіме түсіністікпен қарады ма, басында екі-үш күн үндемеді. Үшінші күні қулыққа басып жатқанымда анам қасыма келіп, ораза ұстаған адамға Пайғамбар (с.ғ.с) екі есе күш береді дейді. Ал, сол күшті пайдаға асырмаған, ас ішпедім деп күні-бойы жатқан адамды ертесіне аштықпен одан да қатты қинайды деп естідім. Сондықтан, сенің жағдайыңды ойлап алаңдап отырғаным демесі бар ма? Қорқып кеттім...
Орнымнан қалай жылдам тұрғанымды да байқамай қалдым. Анашым көмек керек пе? Не істейін? – дедім. Ол болса, сәл ғана жымиып, күндегі ісіме жөн сілтеді. Осылайша, ішім шұрылдап, тәтті тағамдарды ойлап, кештің батуын армандап жататын зиянды әдеттен бір-ақ сәтте арылдым. Бос жатқан соң ойыма сан түрлі амалдар келіп, кейде көрсетпей су ішсем, тамақ жесем ешкім білмей қалар деген пиғылдар да болды. Алғашқы оразамды оңды, жөнімен өткеруіме анам көп септігін тигізді. Пайғамбарымыз хазірет Мұхаммед (Алланың сәлемі болсын): «Үш адамның дұғасын Алла тағала кері қайтармайды. Яғни, үш кісінің тілегі Алла құзырында қабыл болады. Ата-ананың перзенті үшін жасаған тілегі, дұғасы. Ораза ұстаған адамның тілегі. Жолаушының тілегі», – дейді. Мен ата-анамның балалары үшін күнде тілек тілейтінін білемін. Сол үшін алғашқы оразамды ұстаған сәтте отбасымның амандығы мен бақытын және олардың жұмақтың төрінен орын алуын тіледім. Себебі, анам айтқан ораза ұстаған адамның қалауы міндетті түрде орындалады деп. Ал, мен анама сенемін.
Оразаның оныншы күні болатын. Үйге ебіл-дебіл жылап келдім. «Болды ауыз бекітпеймін. Ораза ұстаған адам әлемдегі ең сұлу, таза, сүйікті жан болады деуші едіңіз. Алайда, жаңа ғана балалар мені аузы сасық қыз деп мазақтады. Алдаған екенсіз. Үлкендер жалған сөйлемейтіні қане?» – деп өкісігімді баса алар емеспін. Үнсіз ғана сөзімді тыңдап отырған анам сөзін былай бастады. «Ораза – адам жанын жамандықтан қорғайтын қалқан. Кім ораза ұстаса, ол жаман сөз айтпайды, айқайлап, ұрыспайды. Егер саған біреу ұрысса немесе дауласқысы келсе, ғайбат сөз айтса «Мен оразамын!», – деп айт. Себебі, Алла ораза ұстаған әрбір адамның аузынан шыққан иісті, басқалар сепкен жұпар әтірдің иісінен де қатты жақсы көреді. Сол иіс сені жұмаққа апарады» – дегенде көзімнің жасы сап тиылды. Рас па? – деп, жасаураған екі көзімнің ішінен нұр ұшқындай түсті. Содан кейін, ауыз бекіткен адамның аузынан шығатын жағымсыз иісті әтірдің иісінен де жоғары бағалайтын болдым.
«Рамазан – адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтынатын дәлел ретінде Құран түсіріле бастаған ай. Рамазан айы туғанын көрген адам ораза ұстасын. Кімде-кім ауру болып, әйтпесе сапарда жүрсе, онда басқа күндерде өтесін. Алла сендерге жеңілдік болуын қалайды, ауырлық түсіргісі келмейді» – деген «Бақара» сүресінің 187 аяттарында. Исламдағы бес парыздың үшіншісі осы ауыз бекіту яғни ораза ұстау. Ендеше, адам нәпсісін тыйып, рухани өсуге, өз бойындағы жаман әдеттерден арылып, көркем мінезін тәрбиелеп қалыптастыруға мүмкіндік беретін ғибадаттарыңыз қабыл болсын, ораза ұстаған жан.
Гүлнәр Әбдіханиқызы.