Жас қолөнер шебері
Алматы қаласында «Атадан мұра» қоғамдық қорының 10 жылдық мерейтойына орай бүлдіршіндер мен мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған Халықаралық өнер мен білім байқауында «қолөнер» жанры бойынша бас жүлдені қанжығалаған жерлесіміз Альбина Тұрсынова ауданның абыройын асқақтатып келді.12 жасар дарынды қыз Шиелі ауданы, Ақмая ауылы №49 мектептің шәкірті. Өнерлі оқушының қызығушылығын арттыру мақсатында технология пәнінің мұғалімі Баян Көпжасарова байқауларға жиі апаратын көрінеді. Өзімен қатар оқушылардың жұмыстарымен танысып, шығармашылығы дами да түседі. Расында, көп ішінен топ жарып, халықаралық байқауда бас жүлдені иеленген Альбина мектеп қабырғасында да байсалды, білімді қыз.
«Сәндік қолданбалы өнер Жайлауда» деп аталатын қолөнерімізді әділқазылар әділ бағалай білді. Он саусағынан өнері тамған шәкіртімнің жеңіс тұғырынан көрінетініне де сенімді болдым. Алдағы уақытта да түрлі байқауларға қатысып, шыңдала түсетін боламыз. Сондай-ақ, білім бөлімінің басшысы Б.Сейілхановқа да алғысымыз шексіз» – дейді Б.Көпжасарова.
Г.ӘБДІХАНИҚЫЗЫ.