Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті мәселесі

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті мәселесі

Сыбайлас жемқорлық - ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа төнген  қатер - Ескелді елі Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген  елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Қазақстанның мемлекеттік саясатынының  негізгі басымдықтарының бірі  сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.
«Коррупция» термині латын тілінің «corrutpere» деген сөзінен шығып, мағынасы жағынан «мемлекет организмін, қоғамдық қарым-қатынастарды бұзу» дегенді білдіреді, «параға сатып алу» терминімен сәйкес, яғни лауазымды тұлғаның өз билігі өкілеттігі мен сеніп тапсырылған құқығын заңға және  моральдық нормаларға қайшы келетін өтірік айту, бопсалаушылық, сөзбұйда жасау жолдарымен жеке бас пайдасы үшін пайдалануы. Көбіне бұл термин бюрократиялық аппаратқа және саяси элитаға қатысты жиі қолданылады.   Осыған сай термин әдетте бастапқы латын сөзінің бірінші мағынасынан шығатын кең мағынаға ие, әдепсіздік тәртіпті білдіреді.
         Қарапайым тілмен айтатын болсақ, сыбайлас жемқорлық – бұл қызмет дәрежесін жеке мақсатта пайдалану.Сыбайлас жемқорлықты білдіретін белгілердің бірі пара алу не беру болып табылады. Алайда жемқорлықпен күрес әлі де өзекті мәселе болып отыр. Осы орайда, қоғамымыздың дамуы үшін аталған мәселемен күресте барлық Қазақстан Республикасының азаматтарының үлес қосуы тиіс.
«Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві» КММ-нің Шиелі аудандық архиві» филиалының басшысы  Е.Дүйсенбаевпен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және оған қарсы іс-қимылды іске асыруға бағытталған  2024 жылға арналған іс-шаралар жоспары жасалып,бекітілді. Бекітілген іс-шараға сәйкес «Сыбайлас жемқорлық қоғам кеселі» тақырыбында«Аманат» партиясы мамандарының қатысуымен, «Жемқорлық қоғам дерті» тақырыбында, аудандық  Қоғамдық даму бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» мамандарының  қатысуымен, «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында аудандық сот мамандарының қатысуымен дөңгелек үстелдер өткізу жоспарланды.
         Бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасы  Мәдение және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 159 бұйрығымен бекітілген «Архивтік анықтамалар, архивтік анықтамалардың көшірмелерін немесе архивтік   үзінділер беру»     мемлекеттік   көрсетілетін қызмет     туралы 1-қосымшасына сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорциясы КЕАҚ,WWW.egov.kz. «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы келіп түскен 319бүгінгі күнге өтініштерді қарап, мерзімінде  жауаптары қайтарылды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша яғни, сұраныстардың орындалу барысында мерзімінің кешіктірілуі немесе басқа да заң бұзушылық фактілері орын алған жоқ.
   Төлешова Назира Оңтайқызы                   
«Шиелі аудандық архиві»   филиалының  қорсақтау
  қоймасының меңгерушісі
26 ақпан 2024 ж. 448 0