Біздің балалар талантты
Та сбөгет қыстағындағы №11 орта мектепте ақындық қасиеті бар жас ұрпақтың өлеңдерін жинақтап, баспа жүзінен шыққан «Ақ қауырсын – ақ арман» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
Оқушылардың өз ана тілін құрметтеп, еліне, жеріне деген ыстық сезімдерін ояту арқылы, болашаққа деген жарқын көзқарастарын дамыту, әлеуметтік және жеке мәдени құндылықтарды қалыптастыру ұстаздың қасиетті міндеті. Шараның алғысөзін алған мектеп директорының орынбасары Жанар Қарабөпеева осы мазмұндағы ойларын айтып өтті.
Алдыңғы буын шығармашылық өкілдерін жас ақындарға үлгі етуді мақсат тұтқан шығармашылық кешке Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетінің профессоры Шанжархан Бекмағамбетов, ақын, журналист Мұхамеджан Нұрханов, облыстық «Сыр бойы» газетінің қызметкері Дүйсенбек Аяшұлы қатысты.
Қонақтар балауса ақындардың жырларын топтастырған кітаптың көк желегін қиып, талапкерлерге сәт сапар тілеп, ақ баталарын берді.
Қалалық білім бөлімінің әдіскері Рита Мұхашова сөз сөйлеп, үздік білім алумен бірге өнерді жанына серік етіп жүрген қала мектептерінің – Әлмахан Ақсұңқар, Абдулла Назым, Мұқашова Арайлым, Амангелді Шаттық, Рахман Динар, Әбілда Еркежан, Амангелді Анель секілді бірнеше оқушыларын ортаға шығарды. Барлық балалардың өзара ынтымақта, байланыста болуына дәнекерлік жасады.
Кеш мазмұны сапалы білім, саналы тәртіп аясында бәсекелестікке қабілетті жеткіншектердің өсіп келе жатқанын тағы бір паш етті.
М.МЕРЕЙ.