Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Биылғы алғашқы толық ай — Қасқыр айы туады

Биылғы алғашқы толық ай — Қасқыр айы туады

25 қаңтарда биылғы алғашқы толық ай туады. Бұл толық ай мистикалық тұрғыдан Қасқыр айы деп аталады.
Толық айдың Қасқыр айы деп аталуының себебі – осы уақытта түнгі жыртқыштар өте белсенді болады. 25 қаңтардағы толық айдың басқа да атаулары бар: тыныш ай, ескі ай, суық ай, ұйқысыз ай, бұғы айы, найзағай айы, бал айы.
Қасқыр айы – өзгерістер уақыты, ал кібісе жылдың күші бұл өзгерістерді қайтымсыз ете алады. Сондықтан, толық айдың түнінде, алдында және бірнеше күн өткеннен кейін, өзіңіздің әрекеттеріңізге және сөздеріңізге өте мұқият болуыңыз керек. Бұл бастаған ісіңізді аяқтау немесе сіз келісе алмайтын, моральдық тұрғыдан ескірген немесе физикалық тұрғыдан жарамсыз нәрсемен қоштасу үшін пайдаланылуы тиіс өте күшті уақыт, дейді астрологтар.

Алайда, бұл – жаңа бастама бастауға және көптен күткен армандарды орындауға да қолайлы уақыт. Бірақ құмар ойындарға, экстремалды демалысқа әуес болу, сондай-ақ жақын адамдармен ұрысып қалу өте қауіпті. Сондықтан бұл күндері жанжалға, дауға қалудан бойыңызды алшақ ұстау керек.
Толық ай кезінде барлық эмоциялар қыза түседі, яғни қателесу қаупі жоғары, деп ескертеді астрологтар.
Фото: pixabay.com
syrboyi.kz​​​

 
25 қаңтар 2024 ж. 457 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031